«Оны түрмеден інісі Самат Әбіш қарсы алды». Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты
Ақша жымқырды деп 6 жылға сотталған Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты. Бұл туралы журналист Михаил Козачков мәлімдеді.
3 қыркүйек күні Сатыбалдыны мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы сот шешімі заңды күшіне енді.
Сот оның мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырып, шешім заңды күшіне енген тұңғыш президенттің немере інісі, бұрын қаржы жымқырды деп 6 жылға сотталған Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты. Оны колониядан інісі Самат Әбіш қарсы алды, ол да билігін асыра пайдаланғаны үшін 8 жылға шартты түрде сотталған, деп жазды журналист.
Қайрат Сатыбалды қалған 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімінде Алматы қаласында пробациялық бақылауда болады.
Айта кетейік, бұған дейін Өскемен қалалық №2 соты Сатыбалдының үкімі өзгергенін мәлімдеген болатын.