Баған

Оқырманды ойландыратын шығарма

Әл-фараби атындағы ҚазҰУдың филология және әлем тілдеріфакультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасындағы«Көкжиек» клубының ұйымдастыруымен ғылыми-шығармашылық бағытта түрлііс-шаралар жүргізіп келеді.

Оқырманды ойландыратын шығарма

Клуб жұмысының бір бағыты – «ҚазҰУ студенті оқуғатиіс 100 кітап" жобасы аясында көркем шығарма талқылау мақсатындаоқырмандар конференциясын өткізу.

Осындай бағыттағы іс-шараның бірі жуырда клубтаөткен  көрнекті жазушы ТаласбекӘсемқұловтың «Бекторының қазынасы» шығармасы бойынша оқырмандар конференциясыбоды. Болашақ филологтар шығармадағы астарлы, қатпарлы мән-мағына, авторлықидея, мифологизм, жалпы көркем әдебиеттегі ұлттық код мәселелері жөнінде пікіралмасты. Бекторы образы төңірегінде туындаған турліпікірлер студенттердің шығарма идеясын ұғуға талпынғандарын көрсетті. Жалпы, «Бекторының қазынасы»хикаяты  құпияға толы күрделі шығарма.Пері қызы Бекторы «Ер Төстік» ертегісіндегі батырға қастық ойлаған кейіпкерекені белгілі. Бірақ, шығармадағы Бекторының зұлым бейнесі трансформацияланып, түсіндеҚайырболды болып өмір сүрген  Сағындықтыңсұрақтарына жауап беретін, жүрегін тыңдауға шақыратын құпия жағымды кейіпкергеайналған.  Әдебиеттанудағы интертекст,«мәтін ішіндегі мәтін»тәсілін ұтымды пайдаланған автор оқырманын терең ойлануғажетелейді. (шығарманың электронды нұсқасын «otuken.kz» қазақ мәдениет,музыка және мифология туралы сайтынан оқуға болады)

Конференцияға жазушының жары, белгілі мәдениеттанушы ЗираНаурызбаева қатысты. Бұл образ жөніндемәдениеттанушы Зира Наурызбаева тереңірек тусіндіріп, «Ер Төстік»жырының қырғызша вариантынан қызықты деректер келтірді.  Конференцияға филология факультетініңәдебиетші ұстаздары Е.Солтанаева, С.Сейденова, Е.Карбозовтар қатысты. Әдебиеттанумен мәдениеттану ғылымдарының тоғысуы жөнінде сөз болған әдеби жиынстуденттерді тың ойларға жетеледі

 Л.Мұсалы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушысы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз