Өңір

Оралдық тұрғын басына кірпіш құлап, оқиға орнында көз жұмды

Аталған оқиға 26 қараша күні сағат 14:35-те Назарбаев даңғылы бойында болған. Бұл туралы Орал қалалық ІІБ баспасөз қызмет мәлімдеді.

кірпіш

№236 үйдің жанынан өтіп бара жатқан әйелдің басына кірпіш түскен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Оқиғаның себептерін тергеу тобы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері анықтап жатыр.

Оралда осыдан 6 жыл бұрын Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы үйдің кірпіші құлап, 64 жастағы зейнеткер ауруханада көз жұмған еді.

Тегтер: орал қаза
Т. РАУШАНҰЛЫ
Т. РАУШАНҰЛЫ Т. РАУШАНҰЛЫ

Оқыңыз