Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:30, 05 Қыркүйек 2023

Өрт салдарынан болған материалдық шығынды кім өтейді

None
None

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығы міндетін атқарушы Ажар Рүстемова өрт кезіндегі материалдық шығын қалай өтелетінін түсіндірді.

Астана қаласының коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Өрт кезінде аса ірі материалдық шығын болса, оны кім өтейді?» деген сұрақ қойылды.

Спикердің айтуынша, Азаматтық қорғау туралы заңда материалдық шығынды өтеу мен қалпына келтіру тәртіптері жазылған.

«Заңда техногендік оқиғалар, төтенше жағдай салдарынан материалдық залал келген жағдайда оның үшінші тұлғалардың, залал келтіргендердің есебінен өтелетіні жазылған. Белгілі бір ереже бар. Бұл ерікті негізде немесе сот тәртібімен белгіленеді. Яғни, кінәсі дәлелденсе, сот үшінші тұлғаларға келтірілген залалды қалпына келтіруд3 міндеттейді. Ерікті сақтандыру ұғымы да бар. Біз оған да баса мән береміз. Сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда, халық келген шығындарын қалпына келтіре алады», — дейді А. Рүстемова.

Оның айтуынша, тұрғын үйлердегі өрт мәселесі өзекті болып қала береді, дегенмен биыл статистикада айтарлықтай оң үрдіс байқалады: өткен жылмен салыстырғанда өрттер саны 17-20 пайызға төмендеуі байқалады.

Тегтер: