Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:44, 31 Қазан 2024

Қазақстан мен АҚШ өкілдері ақпарат алмасу саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

п
Фото: gov.kz
Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының жыл сайынғы кездесулері шеңберінде 2024 жылғы 25 қазанда Вашингтон қаласында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың АҚШ Ақша айналысын бақылаушы басқармасының (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) Ірі банктерді қадағалау жөніндегі бақылаушының аға орынбасары Грег Коулманмен кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында АҚШ пен Қазақстанның қаржы нарықтарында қызметін жүзеге асыратын банктер мен банк топтарын қадағалау бойынша екіжақты ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Базель комитетінің стандарттарына сәйкес банктерді тиімді трансшекаралық қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында Агенттік пен OCC арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум шеңберінде банктер мен банк топтарының банк қызметі жөніндегі заңнамалық актілерді, пруденциялық нормативтерді және басқа да реттеушілік талаптарды сақтауы туралы ақпаратпен тұрақты түрде алмасу қамтамасыз етілетін болады. Бұл екі елдің реттеушілеріне қаржы институттары мен олардың үлестес шетелдік құрылымдарының қаржылық жағдайы мен тәуекелдеріне кешенді бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, OCС АҚШ Қаржы министрлігінің тәуелсіз агенттігі болып табылады және барлық ұлттық банктерді, федералды жинақ қауымдастықтарын, сондай-ақ шетелдік банктердің федералды филиалдары мен бөлімшелерін құруға, реттеуге және қадағалауға жауап береді.

Тегтер: