Қазақстанда энергетикалық сусындарды өндіру мен сатуға толық тыйым салу ұсынылды
"Әкелер одағы" қоғамдық бірлестігі энергетикалық сусындардың ел аумағында өндіріліп, сатылуына шектеу қоюды талап етіп, петиция жариялады.
Петиция авторлары қолданыстағы талаптар жеткіліксіз деп санайды. Олардың пікірінше, энергетиктерге тәуелділік пайда болуы мүмкін, қан қысымын көтеріп, адам денсаулығына кері әсер етеді.
Қазір Қазақстанда энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға тыйым салынған. Ал 2026 жылдан бастап бұл өнімдерге акциз енгізілді.
Петицияны ресми қарауға қабылдау үшін оны кемінде 50 мың адам қолдауы қажет. Әзірге бастаманы шамамен 100 адам ғана қолдаған.