Қоғам

ҰҚК Қазақстанның 10 өңірінен 45 атыс қаруы мен мыңнан астам оқ-дәрі тәркіледі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, қарудың заңсыз айналымына қарсы жедел іс-шаралар жүргізді.

Қару

Нәтижесінде ел аумағынан ондаған атыс қаруы, граната мен мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.

2026 жылғы қазан-қараша айларында өткен операция Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарын, сондай-ақ Абай және Жетісу өңірлерін қамтыды.

Тексеру барысында барлығы 45 атыс қаруы анықталды. Олардың арасында бес автомат, 26 мылтық және 14 тапанша бар. Бұдан бөлек, 10 граната мен 1 259 оқ-дәрі тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысы туралы өзге мәлімет жарияланбайды.

ҰҚК бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратынын хабарлады.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: ҰҚК Қару-жарақ
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз