Әлеумет

ОСК Құрылтай сайлауындағы дауыс беру көрсеткіші 53 пайыздан асқанын хабарлады

ОСК мәліметінше, 23 тамыз күні сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетенін 6,6 миллионнан астам азамат алған.

Сайлау

Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысында тіркелді – 64,22 пайыз. Ал Алматы қаласында дауыс беру көрсеткіші ең төмен – 30,36 пайыз.

Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар сағат 20:00-де жабылады. Сонымен қатар 69 мемлекеттегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінде 71 сайлау учаскесі ашылған.

Құрылтайда 145 депутаттық орын бар. Партиялардың парламентке өтуі үшін 5 пайыздық межеден асуы қажет. Сайлаушылар партиялардың біріне дауыс бере алады немесе «бәріне қарсымын» нұсқасын таңдай алады.

Алдын ала сайлау қорытындысы 24 тамызда жарияланады деп болжанған. ОСК түпкілікті нәтижені сайлаудан кейін 10 күн ішінде бекітуі тиіс.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз