Баған

Өскеменде сібір жарасы шықты ма?

ШығысҚазақстан облысының Катонқарағай ауданында сібір жарасы ауруына шалдықты дегенкүдікпен бір адам ауруханада жатыр.

Өскеменде сібір жарасы шықты ма?

Қолына жара шыққан тағы да бір адамемханаға жеткізілген. Абырой болғанда, ол науқас сау болып шықты.

— Ал қауіпті дертке шалдығуы мүмкін деген 61 жастағы ерадамның қазіргі жағдайы жақсы екен. Десе де, дәрігерлер зертханалық сараптаужұмыстарын жасап жатыр. Бәрі бақылауымызда. Алаңдауға негіз жоқ  – деді, Шығыс Қазақстан облысы қоғамдықденсаулық сақтау департаменті аса қауіпті карантиндік жұқпалы ауруларды бақылаубөлімінің басшысы Хамит ЖАМАЛИҰЛЫ.

Бірақ,өзін дәл осы Катонқарағай ауданының тұрғынымын. Есімін ГҮЛЖАН дептаныстырған әйел: – аудан халқыалаңдап отыр. Аты жаман ауру жылда неге қайталанатын болды. Ауруханада үш адамжатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен еліміздің денсаулық сақтауминистрлігіндегілер не қарап отыр? – деп ашынды.

Ондағыжұрттың бұлай алаңдауы да орынды. Өйткені былтырғы жылдың күзінде ғана дәл осыдерттен бір жігіт дүние салған болатын. Ал дәрігерлер сол уақытта науқастыңөзін кінәлап, уақытылы емделмей, ауруын асқындырып жібергенін айтып ақталғанеді.

Қайғылыоқиғаның жайын еске түсірсек, марқұм екі ауылдасымен бірге бұзау сойған. Оныңетінің жартысын сатып, жарты бөлігін көршілері мен туыстарына таратып берген. Тіптісыбағадан ауыл мектебіне де үлестірген болатын. Осыдан кейін, бір апта өткендеөзі ауырып, дәрігерге жүгінген. Біраз күннен соң облыс орталығына жедел түрдежеткізіледі. Қыркүйектің  21-і күнітаңертең денсаулығы күрт нашарлап, сол күні түсте сағат 13.55-те қайтыс болды.

Ал мамандар ауруКатонқарағай ауданының Салонов ауылдық округіндегі 1972 жылы көмілген қорымнаншыққан. Көктемдегі тасқын мен жаздағы жаңбырдың көптігі, жер асты суыныңкөтерілуіне себеп болған. Соның салдарынан дерт жұқты деген қортынды жасады.Ауру ошағы қайта көміліп, залалсыздандырылған еді. Мал егіліп, ауыл ішібақылауға алынған болатын.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысында оған дейін Сібір жарасы ауруы  Жарма ауданында 2016 жылы шығып, індетті 2 адам жұқтырған болатын. Олар дін аман. Ал дәл осы жылы Қарағанды облысында сырқаттанған тағы да екі адам қайтыс болған еді.

Фото ғаламтордан алынды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз