Өскемендегі зауыттағы жарылысқа қатысты тың деректер айтылды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, оқиға бойынша тергеу Қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.
Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қазіргі таңда жарылыстың екі негізгі нұсқасы қарастырылып жатыр: технологиялық процестің бұзылуы, адам факторы, яғни еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.
Сондай-ақ оқиғаның нақты себебін анықтау үшін 10-нан астам сот сараптамасы тағайындалған.
Қайғылы оқиға салдарынан 2 адам қаза тапты. Тағы 2 адам ауруханаға жеткізілген, олардың бірі ауыр халде жатыр.