Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:27, 18 Сәуір 2024

Өтемұратов су тасқынынан зардап шеккендерге тағы 10 миллиард теңге бөлді

о
Фото:

Болат Өтемұратов су тасқынымен күресу үшін тағы 10 миллиард теңге бөлді.

Ақша су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына бағытталған. Олар маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, баспанасыз қалған адамдар үшін үй сатып алуға және салуға пайдаланылады, деп жазады nege.aqsha арнасы.

Бұған дейін Өтемұратов 680 млн теңге бөлген.

Сонымен қатар, президент Тоқаев Forbes тізіміндегі бизнесмендерді су тасқынынан зардап шеккен әрбір аймаққа бөліп, оларды қалпына келтіруге көмектесетінін айтқан. Осыдан кейін Kaspi.kz құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысына тұрғын үйді қалпына келтіру, сатып алу және салу үшін 20 млрд теңге бөлген.