Баған

Өзгеріс өзекті мәселені шешеді

Кеше Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлаутуралы» заңға қол қойды.

Өзгеріс өзекті мәселені шешеді

Бұл толықтырулар Президенттің Ұлттық қоғамдық сенімкеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатындаенгізілді. Оған сәйкес, партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшінкемінде отыз пайыз мөлшеріндегі квотаны енгізу қарастырылған.

Сонымен қатар, Президент «Қазақстан Республикасындабейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» және «Саяси партиялартуралы» заңға өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заңға  да қол қойды.

Президент кеңесшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысы қолқойған «Бейбіт жиындар туралы» жаңа заңға қатысты білдірген пікірінде «БұлҰлттық кеңестің аясында ұсынылып, дайындалған президенттік саяси реформаларпакетінің алғашқы үлкен нәтижелерінің бірі. Тұңғыш рет ұлттық заңнамада бейбітжиындар мен шерулерді өткізуде рұқсат алу тәртібінің орнына хабарландырутәртібі енгізіліп отыр. Бұл заңның қабылдануы еліміздің саяси қоғамдық өмірініңодан әрі демократияландыру бағытындағы маңызды оқиға болып табылады», – деді.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз