Live

Пәкістанда мектеп шатыры опырылып, 33 адам қаза тапты

Пәкістанның Пешавар қаласында мектеп ғимаратының шатыры опырылып, 33 адам қаза тапты.

Пәкістан

Олардың 32-сі – оқушы, біреуі – мұғалім.

Қайғылы оқиға 15 қазанда Al-Khair Education Center жекеменшік мектебінде болған. Сабақ өтіп жатқан кезде ғимараттың жоғарғы қабатындағы шатыр құлап, төменгі қабаттағы сыныптарды басып қалған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат салдарынан 32 оқушы мен бір мұғалім көз жұмған. Қаза тапқан балалардың жасы 7 мен 14 аралығында. Тағы кемінде 45 адам түрлі жарақат алған.

Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмылдырылған. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілген.

Полицияның алдын ала болжамынша, шатырдың опырылуына ғимарат құрылысы кезінде жіберілген қателіктер мен құрылыс сапасының төмендігі себеп болуы мүмкін.

Осы оқиғаға байланысты мектептің иесі ұсталды. Құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың нақты себептерін анықтап жатыр.

Бастапқыда 30 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Кейін құтқару жұмыстары барысында құрбандар саны 33 адамға дейін өскені белгілі болды.

Тегтер: Пәкістан
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз