Әлеумет

Пәкістан Ауғанстандағы университетті атқылады: 7 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды

Куәгерлер мен жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, соққы минометтер мен зымыран қондырғыларынан жасалған.

Ауғанстан

Ауғанстан билігі Пәкістанды Кунар провинциясындағы университетті жаппай атқылауға айыптады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, шабуыл салдарынан кемінде 7 адам қаза тауып, 75 адам жараланған. Бұл туралы BBC хабарлады.

Кунар университеті 26 сәуір күні атқыланған. Куәгерлер мен жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, соққы минометтер мен зымыран қондырғылары арқылы жасалған. Кейбір дереккөздерде авиация мен дрондар қолданылғаны да айтылады. Зардап шеккендердің арасында студенттер мен оқытушылар бар.

Университет профессорларының бірі жарылыстардың өте күшті болғанын және кампус аумағында болғанын мәлімдеді. Ал Пәкістан тарапы бұл айыптауларды толық жоққа шығарды.

Бұл оқиға Пәкістанның Кабулдағы есірткіге тәуелділерді оңалту орталығына жасалған даулы соққысынан бірнеше апта өткен соң орын алды. БҰҰ мәліметінше, ол шабуылда 269 адам қаза тапқан.

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы жағдай әлі де күрделі күйінде қалып отыр. Екі ел арасындағы шиеленіс 2021 жылы Ауғанстанда Талибан билікке келгеннен кейін күрт күшейген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз