Бүгін, 12:15
Пәкістанда жұма намазы кезінде мешітте жарылыс болып, 31 адам қаза тапты: Тоқаев көңіл айтты
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан 31 адам көз жұмып, 169 адам түрлі жарақат алған.
Полиция дерегінше, жарылғыш зат алып кірмек болған лаңкес мешіттің кіреберісінде тоқтатылған сәтте өзін-өзі жарып жіберген.
Қазіргі уақытта бұл теракт үшін жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ.
Осы оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадта жасалған лаңкестік акт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Пәкістан президенті Асиф Али Зардари мен премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады.