Әлеумет

Песков Путин Зеленскиймен Мәскеуден тыс жерде кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Украина президенті Владимир Зеленскиймен жеке кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Алайда Кремль өкілінің айтуынша, мұндай кездесудің форматы мен өтетін орны келіссөздің мақсатына байланысты болмақ.

Ресей

Песковтың сөзінше, Путин Зеленскийді «кез келген уақытта» Мәскеуде қабылдауға әзір. Бірақ кездесуді басқа елде өткізу мәселесіне келгенде, Ресей тарапы нақты шарт қояды.

«Кез келген басқа жерде кездесу тек процесті толық аяқтау үшін ғана мағынаға ие», – деді Песков журналистерге.

Кремль өкілі Мәскеуден тыс өтетін кездесуді соғысты аяқтап, «нүкте қоятын» келіссөз ретінде қарастыратынын айтты. Сонымен қатар, ол мұндай кезеңге жету үшін әлі де ауқымды дайындық қажет екенін ескертті.

«Процесті финализациялау, яғни соңғы нүктені қою үшін әлі де үлкен “үй тапсырмасын” орындау керек», – деді Дмитрий Песков.

Песков нақты қандай мәселелер жөнінде айтып отырғанын ашып айтпады. Дегенмен оның мәлімдемесінен Кремль үшін бейтарап аумақтағы кездесу әзірге тек символикалық келіссөз емес, нақты саяси нәтиже беретін формат болған жағдайда ғана маңызды екені байқалады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз