Қоғам

Полиция департаментінің өкілі 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған

Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды.

ы

Ағымдағы жылдың 8 тамызында Семей қаласының № 2 сотымен Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Г. Дөненбаеваға, осы басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р. Садықовқа және Семей қ. ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А. Нұрахметоваға қатысты үкім жарияланды, делінген хабарламада.

Дөненбаева Нұрахметованы атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықова арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Дөненбаева 4 жылға, Нұрахметова 3 жылға, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сотталғандар арнаулы атақтардан және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Сот
Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз