Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:51, 09 Желтоқсан 2024

Полиция Шерзаттың ағасының өлер алдындағы хатын жариялады

1
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы полиция департаменті Шерзат Болат ағасының өлер алдындағы хатын жариялады.

Бұған дейін Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны белгілі болған. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

«Марқұм 2024 жылдың 4 қазанында қайғылы қазаға ұшыраған кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Марқұм туыстарының біріне өз-өзіне қол жұмсау туралы хат жазған. Жазбада ол қоштасып, өзін інісінің жанына жерлеуін сұрайды», - делінген хабарламада.

1
Скриншот с видео instagram.com/police_almobl

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Құрметті азаматтар, тек ресми ақпарат көздеріне сенулеріңізді сұраймыз және жалған ақпарат тарату жауапкершілікке, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертеміз», - дейді полиция.

Айта кетейік,Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болаттың өлімі қоғам арасында резонанс тудырды. Оны 4 қазанға қараған түні бір топ жігіт әке-шешесінің көзінше ұрып, пышақтап өлтіріп кетті. Қылмыс жасады деген күдікпен 11 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. К

Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Азат ауылында Шерзат Болаттың отбасының үйі өртенді. Бас прокуратура үйді өртеп жіберген жауаптыларды табуға уәде берді.

Кейін желіде «Хутор бригадасының» басшысы атанған Хасан Қасымбаев мәлімдеме жасады. Ол Талғар тұрғындарының өзі туралы жазған желідегі пікірлерін жалған деп атады. Содан соң Хасан Қасымбаевтың өзі ұсталып, екі айға қамалды. Бірақ ІІМ оның басқа іс бойынша қамалғанын мәлімдеді.

Тегтер: