Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:04, 17 Мамыр 2024

Премьер-министр Тоқаевқа торт сыйлады

а
Фото: из открытых источников

Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, торт сыйлады, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді елорда әуежайынан шығарып салды. Өз кезегінде Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты бүгінгі туған күнімен құттықтады, делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін, 17 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды. Оның баспасөз өкілдері Президент бұл күнді арнайы атап өтпейтінін, ешқандай шара жоспарланбағанын мәлімдеді.

Фото: Ақорда

Тегтер: