Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы,Сіздің Президент ретіндегі алғашқы сұхбатыңыз былтыр «Egemen Qazaqstan»газетінде жарияланған еді.
Ең алдымен, қазіргідей күрделі кезеңде ой-толғамдарыңыздытағы да біздің газетіміз арқылы оқырманға жеткізуге келісім бергеніңіз үшіналғыс білдіреміз.
– «Егемен»– елдің үні, ұлттың мінбері. Қазақ тарихының жүз жылдық жылнамасы. Сондықтанбас басылым арқылы ел-жұртпен тілдесудің маңызы зор.
–Ендеше, сұхбатты бастайық. Өткен аптада коронавирус індетіне қатысты мәлімдемежариялап, жұртшылықты толғандырған көптеген мәселені ашық айттыңыз. Осығандейін де телевизия арқылы үндеу және мәлімдеме жасаған болатынсыз. Жалпы,еліміздің қазіргі жағдайын қалай бағалайсыз? Бұдан кейінгі бағыт-бағдарымызқандай болмақ?
– Пандемия бүкіл әлемнің қалыптытіршілігіне айтарлықтай әсер етті. Індеттің салдарынан дүние жүзіндеэкономикалық белсенділік күрт төмендегенін көріп отырсыздар. Шикізат бағасыныңқұлдырауы экономикалық жағдайды қиындататыны анық. Халықаралық валюта қорыныңпайымдауынша, биыл әлемдік жалпы ішкі өнім едәуір төмендейді. Әрине, мұндай дағдарыстанкейін экономиканы қалпына келтіру оңайға түспейді. Шұғыл әрекет етпесе, әлемдікрецессия күрделене бермек. Сондықтан шамасы жететін елдер өз азаматтарынақолдау көрсету үшін нақты жұмыстар жүргізуде.
БізҚазақстанда төтенше жағдайды дер кезінде жарияладық. Осындай шаралардыңарқасында вирустың жаппай таралуына жол бермей, қоғамдағы тұрақтылықты сақтапотырмыз. Дағдарысқа қарсы шаралар үшін 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлінгенінбілесіздер. Ең алдымен, жұмыссыз қалғандарға 42 500 теңге мөлшерінде төлемжасауды ұйғардық. Жалпы, 4,2 миллион адам бұл көмекті алды. Оны екінші айда дажалғастырамыз. Бұдан бөлек, 1 миллиондай мұқтаж жан азық-түлікпен жәнеқажетті заттармен қамтамасыз етілетін болды.
Осындайкүрделі кезеңде халыққа көмек көрсетілмесе, мемлекеттілігімізге сын емес пе?!Әрине, ақша таратып берумен ахуал түзелмейді. Дағдарыс жағдайында кешенді әріжүйелі шаралар ұйымдастырған абзал. Ең алдымен, жастарды жұмысқа орналастырукерек. Сондықтан 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Әр өңірде инфрақұрылымдықжәне инженерлік жобалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары бар. Міне,жұмыссыз қалғандарды солардың құрылысына, жөндеу жұмыстарына жұмылдырудамыз.
Уақытшақиындыққа тап болған 1,6 миллион кәсіпкердің несиесін қайтару мерзімі кейінге шегерілді.Мұндай шара іскер азаматтарды қолдау үшін қажет. Сондай-ақ «Қарапайым заттарэкономикасы» бағдарламасының қаржысы 1 триллион теңгеге дейін көбейтілді.Бұл қаражат жаңа жобаларды қайта қаржыландыруға, жеңілдік шарттарымен несиеберуге жұмсалады. Кәсіпкерлер үшін салықтар мен басқа да міндетті төлемдермерзімі ұзартылды. Зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдері еңбекақытөлеу қорының міндетті төлемінен алты айға босатылды.
Ерекшеатап өтер жайт, карантин кезінде азаматтарымыз оқшаулануға тез бейімделді.Көптеген кәсіпорын мен мекеме қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге көшірді.Қоғамның жаңа үрдістерге дайын екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.
Жалпы,Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдары айқын. Елбасы бұл мәселе жөніндеҚауіпсіздік кеңесінің отырысында нақты атап көрсетті. Кез келген дағдарыс тыңбастамаларды туындатады. Әрине, осы кезеңнен сабақ алып, осал тұстарымыздыжетілдіруіміз керек. Егер індет өршіп кетпесе, 11 мамырда төтенше жағдайрежімі аяқталады.
– Мәлімдемеңізде айтылғандай, қазіргіахуал бүкіл әлемге оңай тиіп отырған жоқ. Қысылтаяң кезеңде доллар бағамы өсіп,төл теңгеміз құнсыздана түсті. Пандемиядан кейін теңгенің бағамы тұрақтанып,қалпына келуі мүмкін бе?
– Басқаелдердің валюталарымен қатар біздің теңгеміздің де құны кеміп кеткені рас.Осыған орай, Үкімет пен Ұлттық банк жағдайды тұрақтандыру үшін нақты шараларқабылдады. Мен квазимемлекеттік секторға экспорттан түсетін табыстың бірбөлігін ішкі нарықта сатуды тапсырдым. Сондай-ақ олар шетел валютасындағы депозиттерінеліміздің қаржы жүйесіне қайтаруда. Бұл қаражат нақты жобаларға жұмсалады. Осыжәне басқа да шаралар доллар тапшылығын болдырмау үшін жасалып отыр.
Әрине,нарықтық экономика жағдайында мұндай мәселені реттеу оңайға соқпайды. Оныңүстіне, еліміздегі шетел валютасының басым бөлігі шикізатты сатудан түсетініжасырын емес. Ерте ме, кеш пе, теңге бағамы тұрақтанады. Бірақ бұған сыртқыфакторлар әсер етпей қоймайды. Теңгенің долларға қатысты бағамы валютанарығындағы сұраныс пен ұсынымның азды-көптігіне қарай түзелетіні белгілі.Сондықтан құзырлы органдар валюта нарығына қатысты заңсыз әрекеттердің жолынкесетін болады. Алдағы уақытта Ұлттық банк теңгенің еркін бағамы қағидатынұстанып, Үкіметпен бірлескен жұмысын жалғастыра береді.
– Сіз бұған дейін мұндай кезеңде екіншідеңгейдегі банктердің жауапкершілік таныту қажеттігін айттыңыз. Бұлқұрылымдар, көбіне, дағдарыс кезеңінде қолдау бола ма деп мемлекеткежүгінетіні жасырын емес. Жалпы, осы дұрыс па? Төтенше жағдайға байланыстысол банктер халыққа қандай көмек көрсете алады?
– Банкжүйесі – қаржы нарығының аса маңызды бөлігі. Банктердің тұрақты жұмыс істеуінемемлекет те, бизнес өкілдері де, қарапайым салымшылар да мүдделі. Сондықтанбанктерге тегіннен-тегін қолдау көрсетілмейді. Бұл – ұлттық экономиканыкөтермелеудің бір жолы.
Қазірбанктердің үздіксіз қызмет көрсетуіне мүмкіндік бар. Депозиттерге кепілдікберетін қор да тұрақты жұмыс істеуде. Бұл ахуалды Ұлттық банк бақылап отыр.Сондықтан салымшылардың қаражатына ешқандай қатер төніп тұрған жоқ.
Төтеншежағдай кезінде екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік-экономикалық ахуалдыңтұрақтануына өз үлесін қосты деп айта аламыз. Ең алдымен, банктер кәсіпкерлергежәне азаматтарға берген несиені қайтару мерзімін кейінге ауыстырды. Нақтыайтқанда, несие төлемдері 3 айға шегерілді. Табысынан айырылғандарға мұндайкөмек қажет. Бірақ жұртшылық арасында несиені мүлдем қайтармаймыз деген түсінікқалыптаспауы керек. Бұл – жаңсақ пікір.
Сондай-ақҮкіметтің қатысуымен шағын және орта бизнес өкілдеріне жеңілдетілген несие берубағдарламасы әзірленді. Егер банктер кәсіпкерлерге, азаматтарға несие берудітоқтатса, экономиканың көптеген саласы тұралап қалады. Біз бұған жолбермейміз.
Меніңтапсырмам бойынша Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіқаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін қосымша шаралар қарастыруда.
– Жағдай одан әрі күрделене берсе,бюджетіміз бұл ауыртпалықты көтере ала ма? Алдағы уақытта ел бюджетіне тағы даөзгерістер енгізілуі мүмкін бе?
– Дағдарысжағдайында, көбіне, бюджеттің кірісі мен шығысын реттеу қажеттілігі туындайды.Үкімет дағдарыс кезеңінде бюджетті нақтылаудың ерекше тәртібін бекітті.Коронавируспен күресу үшін қомақты қаржы бөлінгенін білесіздер. Елазаматтарына қолдау көрсету, экономикалық белсенділікті арттыру шараларықосымша қаржыны талап етеді.
Ескертекететін бір жайт, бюджет қаржысына қымбат көлік пен жиһаз алынбайды. Ауқымдыжиындар өткізуге арналған қаражат қысқартылды. Кейбір инвестициялық жобаларкейінге қалдырылды. Үнемделген қаражат экономиканың тұрақты дамуын жәнетөтенше жағдай режімін қамтамасыз етуге жұмсалуда. Сондай-ақ халықтың тұрмыссапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылып жатыр.
– Экономикамыздың бір тірегі – ауылшаруашылығы. Қазіргідей сын сағатта бұл салаға айтарлықтай қолдау көрсетілуде.Әсіресе егіс науқанына кіріскен шаруаларға нақты жеңілдік беріледі. Ал ендіауыл халқының тұрмыс-тіршілігін түзеуге арналған жоспарлар бар ма?
– Дұрысайтасыз, еліміз үшін ауыл шаруашылығының маңызы зор. Дәл қазіргі басты міндет –егіс науқанын ойдағыдай өткізу. Қазақ «Көктемнің бір күні – жылға азық» дейді.Кез келген қауіп-қатерге қарамастан бұл жұмысты уақтылы жүргізу керек.
Мәлімдемедеайтылғандай, биыл көктемгі егіс науқанына және өнімді алдын ала сатып алуға 200миллиард теңге бөлінді. Соның 70 миллиарды тұқым өндірісін дамытуға, тыңайтқышсатып алуға жұмсалады. Сонымен қатар шағын және орта шаруа қожалықтарыжанармайды арзан бағамен алады. Осыған орай 390 мың тонна дизель отыныжеңілдікпен сатылуда. Мұның бәрі мол өнім алуға септігін тигізеді деп сенемін.
Қазірхалықты азық-түлікпен қамтамасыз ету – негізгі мәселенің бірі. Мен мұныҮкіметке де, әкімдерге де тұрақты бақылауда ұстауды тапсырдым. Жалпы, еліміздеазық-түлік жеткілікті. Алдағы кезеңде бағаны қымбаттатпай, елді дүрліктірмей,жұмысты дұрыс жүргізген жөн.
Ең маңыздымәселе – ауылдағы жастарға жағдай жасап, оларды жұмыспен қамтамасыз ету.Әйтпесе бақылаусыз миграция мен урбанизацияға ұшырап, соның салдарынан күрделіәлеуметтік және саяси мәселелерді шешуімізге тура келуі мүмкін. Міне, бізосындай қиыншылықтарды көре бастадық. Әсіресе бұл ірі қалаларда байқалуда. Осымәселелер мемлекеттік органдардың ұдайы назарында болуы керек.
– Карантинге байланысты оқу үдерісіөзгерді. Оқу жылының әдеттегіден өзгеше аяқталатыны жұртты алаңдатып отыр.Осы мәселенің шешімі қандай болмақ?
– Биылғы 6сәуірден бастап мектеп оқушылары қашықтан оқытыла бастады. Індеттің таралуынажол бермеу үшін осындай қадамға бардық. Екінші жағынан, бұл – заман талабы.
Интернетжылдамдығы әртүрлі болғандықтан, қашықтан оқытудың бірнеше жолы ұсынылды. Атапайтқанда, телесабақ, интернет-платформадағы сабақ ұйымдастырылды. Интернетбайланысы жоқ 57 елді мекенде тұратын оқушылар пошта қызметі арқылы оқуүдерісін жалғастырып отыр. Жергілікті атқарушы органдар мұғалімдер меноқушыларды компьютермен, мобильді интернетпен қамтамасыз етуде. Үкімет қорынанбайланыстың мүмкіндіктерін арттыру үшін қаражат қарастырылды. Осыныңнәтижесінде қашықтан оқыту қазір қалыпқа түсті.
Жалпы, соңғыжылдарда қашықтан оқыту тәсілі жаһандық үрдіс ретінде қалыптасты. Әлемніңкөптеген жоғары оқу орындары бұл әдісті кеңінен қолданып келеді. Мұныңартықшылығы да, кемшін тұстары да бар. Әсіресе қазіргідей карантин жағдайындабұған балама жоқ. Сондықтан алдағы уақытта оны жетілдіре түскенжөн.
Биылғы оқужылы ойдағыдай аяқталады деп ойлаймын. Оқу үлгерімін бағалауға қатысты ешқиындық туындамауы тиіс. Әрине оқушылардың өз мұғалімдерімен жәнеқұрбыларымен жүздесіп, әдеттегідей сабақ оқығанына не жетсін. Бұл – уақытшақиындық. Бұған түсіністікпен қарап, шәкірттеріне қашықтан білім беріп жатқанұстаздар қауымына ризашылық білдіремін.
– Пандемияға қарсы күрестің алғы шебіндежүрген дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетіп келесіз. Осы мәлімдемеңізде деоларға шынайы жанашырлық таныттыңыз. Жалпы, бұл саланы жетілдіру үшін не істеукерек?
– Баршажұртқа қауіп төндірген індетті ауыздықтау үшін, ең алдымен, дәрігерлер менмедицина қызметкерлері жұмылдырылды. Оларға жан-жақты қолдау көрсетудің маңызызор. Билік тарапынан барынша жағдай жасалуда.
Өкінішкеқарай індетпен күрес барысында медицина жүйесінің осал жақтары да анықталды.Сақтық шараларына қарамастан, көптеген медицина қызметкері вирус жұқтырып алды.Дәрігерлеріміз онсыз да жетпей жатқанда, осындай қиындыққа тап болдық. Бұл жағдайтікелей бақылауымда. Нақты тапсырмалар берілді. Індетпен күресуге атсалысқандәрігерлерге тиісті үстемеақы төленуде.
Қазіргіуақытта медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру өзекті мәселеге айналды.Дәрігерлерге берілетін әлеуметтік кепілдік аясын кеңейтіп, ынталандыру жүйесінжетілдіру қажет. Пандемия денсаулық сақшыларына қолдау көрсетудің аса маңыздыекенін аңғартты. Біз тәуелсіздік алғалы бері бұл салаға мән беріп келеміз.Дегенмен әлі де атқаратын жұмыстар аз емес.
Коронавирусіндеті медицина ғылымын дамытудың да өзекті екенін көрсетіп берді. Қазір бүкіләлем осы салаға ерекше назар аударып, жұқпалы аурулармен күресті күшейтуде. Бұл– заңды құбылыс. Алдағы уақытта елімізде медициналық-биологиялық зерттеулергеерекше көңіл бөлінеді. Өйткені айбынды әскермен бірге мықты медицина да –мемлекеттің негізгі қалқаны. Бұдан былай оның өзектілігі арта түсетіні сөзсіз.
ЖақындаНұр-Сұлтан қаласында модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. Оның небәріекі апта ішінде салынғанын білесіздер. Аурухана халықаралық талаптарға сайжабдықталған. Оны арнайы барып аралап көрдім. Сонымен қатар ғалымдарымыздиагностикалық тест жүйесін әзірлеп шықты. Міне, осындай нақты жұмыстар саланыжетілдіре түсетіні сөзсіз. Денсаулық сақтау министрлігі алдағы уақытта да медициналыққызмет сапасын арттыру үшін ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізуі керек.
– Әл-Фараби мен Абай мерейтойларыаясында көптеген іс-шара жоспарланғаны белгілі. Енді осы жобаларды орындаутәртібіне өзгеріс енгізіле ме?
– Ұлылардыұлықтап, даналарды дәріптеу – халқымыздың игі дәстүрі. Біз Әл-Фараби мен Абаймұрасын зерделеу арқылы қазақ даласындағы өркениеттің тамыры терең екенінкөрсетеміз. Сондықтан бұл мерейтойлар – бәрімізге үлкен сын.
Абайөзінің «толық адам» тұжырымын мирас етсе, Әл-Фараби «бақытқа жету жолындағықайырымды қоғам» қағидасын өсиет етіп қалдырды. Ұлы ойшылдардың әділдік пенізгілік жөніндегі ұстанымы баршаға белгілі. Менің «Халық үніне құлақ асатынмемлекет» атты тұжырымдамам осы қағидалармен үндеседі.
Мерейтойлараясында мемлекеттік және өңірлік жоспарлар жасалды. Бүгінге дейін кейбіржобаларды жүзеге асырып үлгердік. Қазіргі ахуалға байланысты түрлі мерейтойлықшаралар онлайн форматында өткізілуде. Бұл жобалар әлеуметтік желілер менинтернет-ресурстарда да кеңінен насихатталады.
– Сіз сыртқы саясаттың қыр-сырын жетікбілесіз. Көп жыл дипломатиялық қызметте болдыңыз. Қазіргі заманда ұлттықмүддеге берік болу үшін сыртқы саясатымызды қалай жүргізуіміз керек? Жалпы,пандемиядан кейін халықаралық қатынастар қалай өрістейді?
– Бүгіндебүкіл әлем дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл, әсіресе осы пандемияданкейін анық байқалады деп ойлаймын. Осындай сын сағатта әр мемлекет, ең алдымен,өз азаматтарының қауіпсіздігін ойлайды. Бұл – заңды нәрсе. Бірақ мұндай күрделікезең халықаралық ынтымақтастыққа сызат түсірмеуі керек. Соңғы апталарда менбірқатар елдердің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен телефон арқылысөйлестім. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейнесаммитінежәне Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің онлайн форматындағыжұмыс кездесуіне қатыстым.
Қазірпандемиямен күрес жүргізу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуқажет. Осыған орай біз серіктес елдермен бірге күш жұмылдырып отырмыз. Бұл –індетке қарсы тұрудың негізгі жолы. Жалпы, сыртқы саясатымыздың сабақтастығысақталатын болады. Өзіміздің дәстүрлі және жаңа серіктестерімізбен өзаратиімді қарым-қатынастарды дамыта береміз.
Соныменқатар кез келген мемлекет үшін басқа елдерден инвестиция тартудың маңызы зор.Сондықтан біз де сыртқы саясатта экономикалық дипломатияға баса мән береміз.Бұл – Қазақстанның ұзақ мерзімге арналған стратегиясындағы басым бағыттың бірі.Алдағы кезеңде де солай болып қала береді. Сыртқы саясат сөз жүзінде емес, ісжүзінде сындарлы болуға тиіс. Дипломатия саласы да індеттің салдарынан сабақалғаны жөн.
– Президент қызметіне кіріскеніңізгебір жылдан асты. Осы уақыт аралығында бірқатар мақсат-міндетті алға қойдыңыз.Жалпы, өз бастамаларыңыздың орындалу барысына көңіліңіз тола ма?
– Қазақта«Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды» деген нақыл сөз бар. Осы орайдамемлекеттілікті нығайтып, халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін маңыздыбастамалар қолға алынды.
Еңалдымен, қоғамның береке-бірлігі бекем болуы керек. Бұған билік пен халықарасында тұрақты диалог орнату арқылы қол жеткізуге болады. Осыған орай Ұлттыққоғамдық сенім кеңесі құрылды. Оның негізгі мақсаты – қоғамдық сананыжаңғыртуға арналған ауқымды шаралар ұйымдастыру, өзекті мәселелерді талқылап,тиімді ұсыныстар әзірлеу. Бүгінге дейін кеңестің екі отырысы өткізілді. Саяси,экономикалық және әлеуметтік жаңғыру бағыттары бойынша көптеген ұсынысжасалды. Қоғамды алаңдатқан түрлі мәселелер қызу талқыға түсті.
Заманталабына сай саяси реформалар жүргізілуде. Қазір менің бастамаммен Парламенттебірқатар маңызды заңнамалық өзгерістер талқылануда. «Бейбіт жиындардыұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасы қарастырылып жатыр. Бұлеліміздің демократиялық дамуын айқындайтын өте маңызды құжат болатынына күмәнжоқ.
Мәжіліспен мәслихат депутаттарының сайлауына түсетін саяси партиялар әйелдер менжастар үшін отыз пайыздық квота бөлетін болады. Осыған орай заңға тиістітолықтырулар енгізу қарастырылуда. Сондай-ақ саяси партияларды тіркеудіжеңілдету, парламенттік оппозиция институтын қалыптастыру үшін заңнамағамаңызды түзетулер жасалмақ.
Осыөзгерістер саяси үдерістерді одан әрі либерализациялау жолындағы нақты қадамболады деп сенемін. Жан-жақты саяси реформалар жалғасады. Бұл – біздіңстратегиялық таңдауымыз.
Сондай-ақазаматтардың өтініш-тілектерін жедел қарастыру үшін «Халық үніне құлақ асатынмемлекет» тұжырымдамасын ұсындым. Бұл – өте маңызды әрі қажет бастама.Шенеуніктердің міндеті – ең алдымен, халыққа қызмет ету. Олар ел-жұрттыңмұң-мұқтажына құлақ аспағанда кімге құлақ асады?! Осы қағидатты барлықдеңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің санасына сіңірген жөн. Қазірдің өзіндебұл бағытта оң өзгеріс бар.
Отандықбизнесті дамытуға арналған бірқатар бастама жүзеге асты. Менің тапсырмам бойыншашағын және микро бизнес өкілдері үш жылға табыс салығынан босатылды. Олардыңқызметі алдағы үш жыл бойы тексерілмейді. Сол үшін мораторий жарияланғанынбілесіздер. Қазіргі төтенше жағдай кезінде де кәсіпкерлерге үлкен қолдаукөрсетілуде. Оны жоғарыда атап өттім.
Елдіалаңдататын өзекті мәселенің бірі баспана екені белгілі. Осы бағытта да ауқымдыжұмыстар атқарылды. Үкімет алдына Елбасы ұсынған «Бақытты отбасы»бағдарламасының аясын кеңейтіп, тұрғын үй құрылысын жандандыру міндеті қойылды.Соған сәйкес, биылдан бастап жыл сайын көп балалы және мүгедек балалары бар 10мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Азқамтылған және көп балалы отбасыларға арналған әлеуметтік көмектің жаңатүрлері енгізілді. Мысалы, көп балалы отбасыларға табысына қарамай жәрдемақыберіле бастады. Жарты миллионнан астам азаматтың 300 мың теңгеге дейінгікепілсіз несиесі өтелді. Бұл бастамалар халықтың тұрмыс сапасын жақсартуғабағытталған.
Былтыр«Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Соған орай алдағы төрт жылдаұстаздардың еңбекақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл жұмыс жүйелі түрдежүзеге асырылып келеді. Бюджет саласындағы басқа да қызметкерлердің жалақысыкөбейтілуде.
Менталантты да талапты жастарға сенім артамын. Сол себепті «Президенттік жастаркадрлық резервін» құрып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан 300 жастыіріктеп алдық. Олардың біразы қызметке орналасты. Тиісті мемлекеттік органдарғажастар саясатына арналған жаңа кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырдым.
Осы жылды«Волонтер жылы» деп жарияладым. Бүгінде бұл бастаманың дер кезінде көтерілгенінкөріп отырмыз. Қазіргідей төтенше жағдайда волонтерлер аянбай еңбек етіп жүр.Күрделі кезеңде белсенділік танытқан жігерлі жастарды үлгі тұтуымыз керек.
Жалпы, біржыл ішінде нақты жұмыстар атқарылды. Сондықтан елдің еңсесін көтеретін мұндайшешімдер алдағы уақытта да қабылдана береді.
– Келесі жылы Тәуелсіздігімізге 30 жылтолады. Біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осы орайда жаңа мүмкіндікпенбірге жаңа қауіп-қатердің де туындайтыны жасырын емес. Алдағы уақытта соғантөтеп беріп, елімізді өркендету үшін не нәрсеге баса мән бергеніміз жөн?
– БізЕлбасының салиқалы саясатының, халқымыздың ырыс-ынтымағының арқасындатәуелсіз Қазақстанды құрдық. Осы жылдар ішінде тиімді басқару жүйесіқалыптасты. Егемен еліміздің іргесін бекемдеу үшін ауқымды жұмыс атқарылды.Өтпелі кезеңдегі барлық қиындықты еңсеріп, орнықты даму жолына түстік. Ендігімақсат – осындай табыстарды еселеп, жаңа белестерді бағындыраберу.
Әйгіліфранцуз ойшылы Жан-Жак Руссо «Мықты мемлекет қана өз азаматтарының еркіндігінқамтамасыз ете алады» деген екен. Халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту үшінҚазақстанды мықты мемлекетке айналдыруымыз керек. Бұл ретте «Күшті Президент –ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын берік ұстануымыз қажет.
Әлемдетүрлі үрдістер қалыптасуда. Бірақ соның бәрі бірдей ұлттық мүддеге сай келебермейді. Негізгі қауіп-қатерлер алда. Сондықтан қырағылық сақтай отырып, қиындықтардыеңсеруге әрдайым дайын болуымыз керек.
Жаңасын-сынаққа төтеп беру үшін, ең алдымен, ұлттық құндылықтарды қорғай білгенжөн. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық сана-сезімді, қоғамдағы татулықпен келісімді, береке-бірлікті сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді.Әсіресе мемлекеттік тілдің мәселесі өте маңызды. Тіл – ұлттың тұғыры, ұрпақтыңғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Халықтың тілі – халықтыңтөлқұжаты. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қауіпсіздіктілімізді қадірлеуден басталады.
Бүгіндецифрлы технологиялар қарқынды дамып, қоғамдық өмірдің түрлі саласына дендепеніп келеді. Біз осы үрдіске баса мән беріп отырмыз. Бұл – қазіргі заманныңбасты талабы. Мұны коронавирус індетіне байланысты туындаған күрделі кезең анықаңғартты. Менің тапсырмам бойынша Үкімет «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттікбағдарламасында анықталған кемшіліктерді ескеріп, қайта қарайды. Цифрландыруүдерісі елімізді өркендетуге тың серпін беретіні сөзсіз. Оның мән-маңызы артабермек.
Еліміздіөркендету үшін ұлттық экономиканы әртараптандыру үдерісін жалғастыра береміз.Осы жолда шағын және орта бизнеске барынша жағдай жасаған абзал. Сонымен қатарадами капиталды одан әрі дамытамыз. Бұл бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруүшін қажет. Осыған орай білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларын да түбегейліжаңғырту міндеті алдымызда тұр.
Тағы бірзор мақсат – елді еңбекке баулу. Шындықты айтсақ, шетелдерде халқымыз нағызеңбекқор жұрт ретінде әлі таныла қойған жоқ. Бұл біздің беделімізге де едәуірнұқсан келтіреді. Қажырлы еңбектің арқасында ғана көп мәселені шешіп,мемлекетімізді дамытамыз, әл-ауқатымызды арттырамыз.
Сондықтанеңбекке баулу жастарға тәрбие берудің негізгі бағыты болу керек деп санаймын.Бұл ұлттың болашағына тікелей ықпал етеді.
– Қасым-Жомарт Кемелұлы, қалыптасқанжағдайға байланысты елді алаңдатқан өзекті сауалдарға жауап бердіңіз. Ендісоңғы сұрақ. Сонымен қазіргі күрделі кезеңнен қандай ой түйдіңіз?
– Төтеншежағдай күнделікті өмірімізге елеулі өзгеріс енгізді. Жоспарланған жұмыстарды,түрлі іс-шараларды кейінге қалдыруға мәжбүр болдық. Осындай кезде, ең алдымен,не нәрсенің аса бағалы екенін түсіндік. Бұл – адамның өмірі, адамиқарым-қатынастар, азаматтардың денсаулығы, қоғамның береке-бірлігі.Бір-бірімізге қолдау көрсетудің қаншалықты маңызды екенін де аңғардық. Қалғандүниенің бәрін біртіндеп ретке келтіруге болады.
Пандемиякезінде бүкіл қоғамымыз сынға түсті. Көптеген азаматтар қиын сәтте елге қызмететудің озық үлгісін танытты. Бұл – парасатты патриотизмнің көрінісі. Кезкелген күрделі кезең адамның жігерін жанып, рухын қайрайды. Әлемге жайылғаніндет тұсындағы ахуал халқымызды одан әрі ұйыстыра түсетіні анық.
Осы ретте,ұлы Абайдың «Тоқтаулылық, қалыпты шыдамдылық – бұл қайраттан шығады, білсеңкерек» деген өлең жолы ойға оралады. Шын мәнінде, табандылық пентөзімділік танытсақ, қиындыққа төтеп береміз. Еліміз бұл қиындықтан ширап әрішыңдалып шығады деп толық сеніммен айта аламын.
Барлыққиындықты бірге жеңеміз!
Әңгімелескен
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,
«EgemenQazaqstan»