Қоғам

Екі жыл қараусыз қалған өтініштен кейін көпбалалы анаға «Күміс алқа» табысталды

Маңғыстау облысының прокуратурасы көпбалалы ананың «Күміс алқа» мемлекеттік наградасын алу құқығын қалпына келтірді.

Шенеунік

Анықталғандай, алты бала тәрбиелеп отырған Қарақия ауданының тұрғыны 2023 жылы «Күміс алқа» мемлекеттік наградасына ұсыну туралы өтініш берген. Алайда ауданның уәкілетті органдары ұзақ уақыт бойы оның өтінішін қарау және қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша тиісті шараларды қабылдамаған.

Жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігімен келіспеген азаматша Маңғыстау облысының прокуратурасына жүгінген. Облыс прокуратурасының сүйемелдеуімен қажетті құжаттар рәсімделіп, уәкілетті органның қарауына жолданды.

Нәтижесінде оларды қарау қорытындысы бойынша сәуір айында көпбалалы анаға «Күміс алқа» мемлекеттік наградасы салтанатты түрде табысталды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз