Аймақ

Провизорлық орындардың 90 пайызы бос

Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінде инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 2810 төсек-орын бар.

Провизорлық орындардың 90 пайызы бос

Оның ішінде 650 инфекциялық, 2160 провизорлық төсек-орын. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Бүгінде стационардағы төсек-орындардың 90 пайызы босады. Қолайсыз эпидемиологиялық ахуал кезінде COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда  26  провизорлық стационар жұмыс істеді.    

Сонымен қатар, шаһардағы емханалар жанынан құрылған  133 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі таңға дейін  25 мыңға жуық  науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсеткен.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз