Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:10, 18 Наурыз 2024

Путин алғаш рет Навальныйдың атын атады

навальный
Фото: из открытых источников

Ресейде Президент сайлуы аяқталды. ОСК мәліметінше, Путин 87,15 пайыз, Николай Харитонов 4,22% дауыс,  Владислав Даванков 4,04% , Леонид Слуцкий (ЛДПР) 3,16% дауыс жинаған.

Сайлаудан кейін журналистермен кездескен Путин оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың өліміне қатысты түсініктеме беріп, алғаш рет оны атымен атады. 

«Навальный мырзаға келетін болсақ. Иә, ол дүниеден өтті. Бұл әрқашан қайғылы оқиға. Бізде түрмеде қайтыс болған басқа да жағдайлар болды. Мұндай жағдай АҚШ-та болмап па еді?», деді ол. 

Бұл Путиннің Навальныйдың өліміне қатысты бірінші пікірі.

Путин сонымен қатар Навальныйдың серіктестерінен саясаткермен алмасу туралы ұсыныс алғаны туралы ақпаратты растады. Ол Навальный Ресейге қайтып келмесе, алмасуға келіскенін айтты.

«Менімен сөйлескен адам сөзін аяқтамастан, мен «келісемін» дедім. Бірақ, өкінішке орай, болған оқиға болды. Тек бір шартпен - қайта оралмас үшін ауыстырамыз дедім. Сол жерде отырсын. Сонымен бітті. Бірақ (ауысуға) болады. Сіз бұл туралы ештеңе істей алмайсыз », - деді Путин.

 

Ал, саясаткердің жесірі Юлия Навальная Берлиндегі Ресей елшілігінде дауыс берді. Ол сайлау бюллетеніне Алексей Навальныйдың есімін жазды. Юлия Навальная алты сағат бойы кезекте тұрып, «Талтүсте Путинге қарсылық» акциясына қатысқандардың барлығына алғысын білдірді.

Фото: glavred.info