Әлеумет

Путин Иранды қолдайтынын мәлімдеді

Ресей президенті Санкт-Петербургте Иранның Сыртқы істер министрімен кездесу өткізіп, Иран халқы қазіргі қиындықтарды еңсеретініне сенім білдірді.

Путин

 Ол өңірде бейбітшілік орнайды деп үміттенетінін айтып, Ресейдің Таяу Шығыста делдал болуға дайын екенін жеткізді.

Бұған дейін Мәскеу шиеленісті ушықтырмау үшін Иранның байытылған уранын өз аумағына әкетуді ұсынған. Алайда АҚШ бұл бастаманы қолдамаған.

Путиннің айтуынша, Ресей мен Иран арасындағы стратегиялық серіктестік жалғаса береді. Екі ел өткен жылы 20 жылға арналған ұзақ мерзімді келісімге қол қойған. Қазір Ресей Ирандағы атом электр станциясының жаңа блоктарын салып жатыр.

Өз кезегінде Иран тарапы да ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі. Кремль АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің қайта жанданып, Таяу Шығыстағы шиеленістің азайғанын қалайды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз