Путин Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырғандарға төленетін қаржы көлемін арттырды
Путин жыл соңына дейін Қорғаныс министрлігімен келісім-шартқа отырғандарға 400 мың рубль көлемінде бір реттік төлем жасау туралы жарлыққа қол қойды.
Meduza агенттігінің мәліметінше, қаулыда тағы 400 мыңды облыстық билік төлеуі тиіс деп көрсетілген.
23 шілдеде Мәскеу билігі Қорғаныс министрлігімен жасалған келісім-шарт үшін 1,9 миллион рубль көлемінде бір реттік төлем төлеуге ниетті екені белгілі болды. Жақында ол Ресей Федерациясының басқа субъектілерінде де өсті - атап айтқанда, Краснодар өлкесінде және Татарстанда ол бір миллион рубльді, Дағыстанда - 500 мың рубльді құрайды.
Re:Russia жобасының есептеулері бойынша, бір жыл ішінде Украинамен соғысқа қатысушылар мен қаза тапқандардың туыстарына төленетін төлемдер 2,75-тен 3 триллион рубльге дейін болуы мүмкін. Бұл Ресейдің 2024 жылғы ЖІӨ-нің шамамен 1,5% және барлық федералды бюджет шығыстарының 8% құрайды.