Баған

Путин Назарбаевқа атақ берді

Ресей Федерациясының Президенті Владимир ПУТИН Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті Төрағасы атағын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА табыс етті деп Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып «Жас АЛАШ» хабарлайды.

Путин Назарбаевқа атақ берді
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көзқарасы, еуразиялық интеграция идеясы шындыққа айналды, сонымен қатар континенттің экономикалық және геосаяси ландшафттарын қайта құрылды. Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыруға  қосқан тарихи үлесі ескеріліп, Президент Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атағын беруді ұсынды », — деді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын ашқан Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.Сонымен, Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғары кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы мәртебесіне ие болды.Айта кетейік, 28 мамырда  сенатының төрайымы, елді 30 жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢ төрағалығымен парламент сенаты бюросының отырысы өтіп, экс-президент Назарбаевқа «құрметті сенатор» мәртебесін беру мәселесі қаралған болатын. Фото: finobzor.ru
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз