Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:24, 29 Қаңтар 2024

Путин президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелді

кандидат
Фото: из открытых источников

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы өзін-өзі ұсынған кандидат Владимир Путинді президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркеді, деп жазған Zhasalash.kz.

Орталық сайлау комиссиясының тиісті қаулысы бүгін комиссия отырысында қабылданды.

"2024 жылғы 29 қаңтарда сағат 11:23-те Ресей Федерациясының президенттігіне кандидат ретінде 1952 жылы туған Владимир Путин тіркелсін", - делінген орталық сайлау комиссиясының дүйсенбі күні өткен отырысында қабылданған қаулыда.

Путин алдағы Ресей президенттігіне сайлауға тіркелген төртінші кандидат. 

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы ЛДПР партиясының жетекшісі Леонид Слуцкийді, Мемлекеттік Дума вице-спикері және "Жаңа халық" партиясының мүшесі Владислав Даванковты, сондай-ақ Мемлекеттік Думаның депутаты (РФ Коммунистік партиясының фракциясы) Николай Харитоновты үміткер ретінде тіркеген болатын.