Live

Путин Сергей Ивановпен қоштасты

Ресей президенті Владимир Путин бұрынғы қорғаныс министрі әрі Кремль әкімшілігінің экс-басшысы Сергей Ивановпен қоштасу рәсіміне қатысты.

Путин

Ол Ресейдің Орталық клиникалық ауруханада марқұмның рухына гүл шоғын қойып, оның отбасымен қысқаша сөйлесті. Бұл туралы журналистерге президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Сергей Иванов 26 маусымда, 73 жасында қайтыс болды. Қайтыс болған күні Путин марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасына жеделхат жолдаған болатын.

Сергей Ивановты жерлеу рәсімі Мәскеудегі Троекуров зиратында өтеді.

Сергей Иванов Владимир Путиннің ең жақын серіктерінің бірі саналды. Ол 1953 жылы Ленинградта дүниеге келген. Ленинград мемлекеттік университетінің филология факультетін және КГБ-ның жоғары курстарын тәмамдаған.

Еңбек жолын КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) Бірінші бас басқармасында – сыртқы барлау қызметінде бастады. Кейін Ресейдің Сыртқы барлау қызметінде (СВР) жұмыс істеді.

1998 жылы Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) директорының орынбасары әрі талдау, болжау және стратегиялық жоспарлау департаментінің басшысы болып тағайындалды. Ол кезде ФҚҚ-ны Владимир Путин басқарған.

1999 жылы Сергей Иванов Путиннің орнына Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне келді. 2016 жылдан бастап Ресей президентінің табиғатты қорғау, экология және көлік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызметін атқарды.

2026 жылғы 4 ақпанда Владимир Путин оны өз өтініші бойынша осы қызметтен босатқан еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз