«Путин тағы бір елге шабуыл жасай ма?»: Зеленский өз болжамын айтты
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейде әлеуметтік желілерге шектеу енгізу ішкі бақылауды күшейту және ықтимал жаппай мобилизацияға дайындықпен байланысты болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
РБК-Украинаның хабарлауынша, Зеленский бұл пікірін телемарафон эфирінде айтқан. Оның мәлімдеуінше, әлеуметтік желілерді шектеудің мақсаты тек билікке қарсы сын-пікірді азайту емес, сонымен бірге ішкі тұрақсыздықтың алдын алу болуы ықтимал.
«Солтүстіктегі көршімізде бүлік шығуы мүмкін бірнеше себеп бар. Соның бірі – жаппай мобилизация. Ол тек аймақтарды емес, Мәскеу мен Санкт-Петербург сияқты ірі қалаларды да қамтуы ықтимал», - деді Зеленский.
Президенттің айтуынша, мұндай ауқымды мобилизацияның екі негізгі сценарийі бар:
Украинаға қарсы кең көлемді жаңа шабуыл;
Басқа бағытта параллель әскери операция жүргізу.