Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:31, 14 Маусым 2024

Путин: Украина біздің екі шартымызды орындаса, атысты тоқтатамыз

Путин
Фото: Агентство.Новости

Путин алғаш рет Ресейдің Украинадағы атысты тоқтату туралы шарттарын атады. Бұл туралы ресейлік Агентство.Новости арнасы хабарлады.

Шарттар өте қарапайым: Украина әскерлері Донецк, Луганск халық республикалары, Херсон және Запорожье облыстарынан толығымен шығарылуы керек. Облыстардың барлық аумағынан, олардың әкімшілік шекарасынан шығуы тиіс. Киев мұндай шешімге дайын екенін мәлімдеп, осы аймақтардан әскерлерін нақты шығаруды бастағанда, сондай-ақ НАТО-ға кіру жоспарларынан бас тартқанын ресми түрде хабарлаған кезде, біздің тарапымыздан дереу атысты тоқтату туралы бұйрық беріліп, келіссөздер басталады, - деді Путин.

Ол бұл туралы сенбіде Швейцарияда басталатын бейбітшілік саммиті алдында мәлімдеді. Ресей бұл саммитке шақырылған жоқ.