Путинмен кездесуді талап еткен бұрынғы әскери 11 тәулікке қамалды
Бұрынғы сарбаз Александр Лунин 11 тәулікке қамауға алынғаны туралы оның Telegram-арнасында хабарланды.
Оның айтуынша, Лунинің әйелі әскери қызметкердің «тірі әрі аман» екенін жеткізген. Алайда ол әкімшілік жауапқа тартылып, 11 күнге ұсталған. Қандай айып тағылғаны белгісіз.
Бұған дейін Лунинің әйелі Татьяна Воронеж облысы Лизиновка ауылындағы үйлеріне түнде полиция қызметкерлері тінту жүргізгенін айтқан. Оның сөзінше, күш құрылымдары компьютер техникасын, флешкаларды, ноутбуктерді, дискіні және басқа заттарды тәркілеген. Ал Лунинің өзі бұл кезде үйде болмаған: бір күн бұрын Мәскеуге кетіп, кейін байланысқа шықпай қалған.
39 жастағы Александр Лунин 25 маусымда Владимир Путинге видеоүндеу жариялап, жеке кездесуді талап еткен. Кездесу болмаса, «армия қаруын Кремльге қарсы бұрады» деп мәлімдеген. Кейін ол мемлекеттік төңкеріске шақырмағанын, тек майдандағы жағдай туралы Путинге ақпарат жеткізгісі келгенін түсіндірген.