Қарағанды әкімі қаланы көркейтуді ағаш кесуден бастады
Көмірдің отаны Қарағанды шаң-тозаңнан арылар емес. Ал осы шаңы арылмаған шаһарды көркейту жұмыстары ағашты қырқумен басталды.
Қарағандыдағы Құрылысшылар даңғылын биыл биліктегілер көркейтпекболып жатыр. Көркейткені жақсы-ақ, бірақ, көркейтуді көк желекті қырқуданбастағаны ақылға қонбайды. Тұрғындар осыны түсінбейді. Олардың айтуынша, бүгіндеон шақты ағашты түп-тамырымен алып тастаған. Құрылысшылар даңғылының тұрғыныРуфина ДАВИДЮК жол жиегіндегі ағаштар тек сәндік үшін ғана тұрмағанын айтады.
— Бұл ағаштаржолдың бойынан шығатын шуды сәл де болса басып тұрғандай болатын. Оның үстінешаң-тозаңның басылуына оң әсер ететін. Жазда осы жерде балалармен қыдырып,ағаштың көлеңкесінде отыратын едік. Жасыл желекті мүлдем қалдырмады. Ағаштықиған кезде оны басқа жерге егеміз деп айтып жатады, бірақ осылай отырғызылғанағаштардың көбісі әрі қарай өспей қурап қалып жатады, оны да көріп жүрміз», — дейдіол.

Тұрғындардың наразылығын тудырған тағы бір жағдай,ағаштарды кескенде биліктегілер ешкімнен рұқсат сұрамаған әрі не үшін қиыпжатқанын түсіндірмепті. Шын мәнісінде бұл даңғылды көркейту үшін атқамінерлералдымен ағаш кесуді қолға алыпты. Шенеуніктердің мәлімдеуінше, құрылысшылар даңғылына қайта реконструкцияжасау жобасы қолға алынған. Мұнда жол жиектері кеңейтіліп, көлік қоятын орынжасақталмақшы. Ал осы жұмыстарды жасау үшін елу ағашты кесіп алып тастайтынкөрінеді.
— Бүгін бізэкологиялық музеймен бірге жұртпен кездесіп, қоғамдық пікірлерін тыңдадық. Жұмыстобы қандай ағаштарды кесу керек қайсысына тиіспеу керек сол жағын қарайдыдеген шешімге келіп отырмыз. Міндетті түрде қоғамдық пікірді назарға аламыз», — деп мәлімдеді Қарағанды қаласының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімініңбөлім бастығы Рүстем ҚОЖАҚАПАНОВ.
Қарағандыда ағаштардың кесілуіне қатысты хабарлартәуелсіз экологтарға жиі түсіп жататын көрінеді. Эколог Дмитрий КАЛМЫКОВТЫҢпайымдауынша, көп жағдайда жасыл желектің тамырына рұқсатсыз балта шабылады. Тіптібүгінде қанша ағаштың кесіліп қаншасының отырғызылып жатқанын қадағалап жүргенешкім жоқ. 20 жыл бұрын жасыл желегі мол болған қала бүгінде біртіндеп бетондығимараттары қаптаған шаһарға айналуда. Көмір өндіруімен аты әйгілі Қарағандыныңэкологиясыда бүгінде жұртты ойландыратын жағдайға жеткен, өйткені қаланыңүстінде шаң-тозаң тұнып тұрады. Қарағандыда биыл алғаш рет ағаштарды санапты, әліаяқталып болмаған санақ бойынша қалада 1 млн 800 ағаш бар екен. Экологтың айтуынша,кесіліп жатқан ағаштарды ешкім санамайды.

— Өз көзіңді өзің алдай алмайсың ғой, қала бойынша назар аударсаңыз ағаштардың азайып келе жатқанын байқайсыз. Ал Астанада ағаштар он есе көп деп айтуға болады. Ал бізде жасыл желек азайып барады. Тұрғындардың белсенді болмауынан әрі биліктегілердің қадағалау жүргізбеуінің кесірінен осындай ағаштардың азайуы белең алып барады. Жасыл желекті рұқсатсыз қиғандарды жазаға тарту керек», — дейді Қарағанды облыстық Экологиялық мұражайының даму бойынша директоры Дмитрий Калмыков.
Қоғам өкілдерінің айтуынша, Қарағандыда бір ғана орталықсаябақтың өзінде мыңға жуық ағаштар кесілген. Жасыл желекті егуден гөрі оны түптамырымен жою көбірек белең алуда. Ағаш кескен соң ереже бойынша оның орнынабес есе көп тал егу керек әрі оған үш жыл ерекше күтім қажет. Алайда бұлжұмыстардың жауапкершілікпен жасалып жатқаны күмәнді. Көп жерде егілген ағаштыңжыл өтпей қурап солып қалғанын байқауға болады. Құрылысшылар даңғылындакесілген ағаштардың өтеуі ретінде биілктегілер әдеттегідей басқа жерге талегілетінін айтады.
Фотоларавтордікі.