Аймақ

Қарағандыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

Қарағанды облысы Республика күнін бүкіл елмен бірге атап өтуде. Ұлттық мереке күні ту тұғыры орналасқан алаңға жүздеген адам жиналып, Қазақстанның Мемлекеттік Туын салтанатты түрде

1

Іс-шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, қоғам және мемлекет қайраткерлері, әскери қызметшілер, ардагерлер мен жастар қатысты.

Бөлекпаев
Фото Қарағанды облысы әкімдігі/Бөлекпаев

– Республика күні – мемлекеттілігіміздің, бірлігіміздің және ел болашағы алдындағы жауапкершілігіміздің символы. Биыл бұл мерекені Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында атап өтіп отырмыз. Осы уақыт ішінде еліміз қалыптасу мен даму жолынан өтіп, талай белесті бағындырды. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен әділеттілік, заңдылық пен жауапкершілік қағидаттарына негізделген ауқымды өзгерістер жүзеге асырылып келеді. Біз әрбір азаматтың құқығы қорғалып, адал еңбегі лайықты бағаланатын Әділетті Қазақстанды бірге құрып жатырмыз. Қарағанды облысы еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді. Өңіріміз – өндірістік әлеуеті зор, еңбек дәстүрі қалыптасқан ірі индустриялық орталық. Алдымыздағы ортақ міндет – қол жеткізген жетістіктерімізді еселей отырып, өңірімізді келер ұрпақтың игілігі үшін одан әрі дамыту, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Мемлекеттік Ту көкке көтерілген сәтте алаңға жиналған жұртшылық Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранын бірге орындады.

Ғабит Тұяқбаев
Фото Қарағанды облысы әкімдігі/Ғабит Тұяқбаев

Республика күні түрлі буын өкілдерін бір алаңға жинап, елдік пен бірліктің ортақ мерекесіне ұласты.

– Биыл еліміз үшін айрықша жыл. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 35 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде еліміз даму жолымен алға басып келеді. Біз өз тарихы, мәдениеті және болашағына зор мүмкіндіктері бар егемен мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Әр шаңыраққа амандық пен береке, барша азаматқа ашық аспан, ал елімізге бірлік пен өркендеу тілеймін, – деді Қарағанды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғабит Туяқов жерлестерін мерекемен құттықтап.

Мерекелік шараға балаларын ертіп, отбасымен келгендер де аз болмады.

Жолдаспеков
Фото Қарағанды облысы әкімдігі/Жолдаспеков

– Республика күні – еліміз үшін де, әрқайсымыз үшін де маңызы зор мереке. Баршаңызға бейбіт аспан тілеймін. Еліміздің аспаны әрдайым ашық, халқымыз бақытты болсын! Бүгін мұнда жұбайыммен және екі баламмен келдім. Кіші қызым үш жаста. Соған қарамастан, Қазақстанның Әнұранын біледі. Әнұран орындала бастаса, бірден қосылып айтады. Патриоттық тәрбиені бала бойына кішкентай кезінен сіңіру керек деп есептеймін, – деді қарағандылық Жанболат Жолдаспеков.

Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері, егіз қыздар Аяжан мен Саяжан Сәрсенбаевалар да мерекеге бірге келді. Олар күнделікті өмірде де үнемі бірге жүреді.

Аяжан мен Саяжан
Фото Қарағанды облысы әкімдігі/Аяжан мен Саяжан

– Біз, жастар үшін Республика күні – бостандықтың, бірліктің және туған елге деген мақтаныштың символы. Еліміздің болашағын құру бізге де жүктеледі. Сондықтан тарихымызды бағалап, тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек, – деді егіздер.

Салтанатты рәсімнен кейін мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі облыстың барлық қалалары мен аудандарында да өтті. Республика күні қарсаңында Бұқар жырау ауданының Ботақара кентіндегі "Даңқ алаңында" биіктігі 30 метр болатын ту тұғыры орнатылды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз