Баған

Қарақалпақтар жаппай қазақ боп жазылып жатыр

Өзбекстан Республикасының құрамына кіретін Қарақалпақстаназаматтары жаппай қазақ болып жазылып жатыр.

Қарақалпақтар жаппай қазақ боп жазылып жатыр

Бұл туралы  IWPR басылымының тілшісіОльга БОРИСОВА хабарлайды…  

Жуырда Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласында біздіңтілмен айтқанда ХҚО сияқты мекеменің басшысы тұтқындалған. Ол пара алыпадамдардың ұлтын өзгертіп отырыпты. Яғни қарақалпақтарды қазаққа айналдырған.Жергілікті полицияның айтуынша, соңғы кездері осындай қылмыстар көптентіркелуде.

Демография және миграция агенттігінің ақпаратына сүйенсек1991 жылдан бері Қарақалпақстаннан Қазақстанға 100 мың адам көшіп кеткен.Халықаралық Аралды құтқару қорының мәліметінше соңғы жеті жылдың ішінде 250 мыңадам Қазақстанға қоныс аударған екен. 1 млн 842 мың халқы бар Қарақалпақстанүшін бұл үлкен көрсеткіш. Сондай-ақ, қазір ол жерге өзбектер санының артып кележатқанын да ескеру қажет. 2018 жылғы статистикаға сүйенсек Қарақалпақстандаөзбектердің өсімі 17 пайызды құраса, қарақалпақтардың өсімі тоғыз-ақ пайыз.

Автор халықтың Қазақстанға үдере көшуінің бір себебінелдегі жұмыссыздық пен экономиканың әлсіздігімен байланыстырады. Бұған дейін «ЕркінҚарақалпақстан» ұлттық жаңғыру партиясы ресми Ташкент тарапынан қысымдардыңжасалып жатқанын мәлімдеп, азаттық үшін күреске үндеген болатын.

Фото: disput.az

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз