Zhastube

Қазақ о бастан отбасылық басқаруға тәуелді болған

Тарихғылымдарының докторы Талас ОМАРБЕКОВ «Жас Алаш»каналының «Алдыңғылардың әңгімесі»бағдарламасында қонақта.

Қазақ о бастан отбасылық басқаруға тәуелді болған

ТаласОмарбеков қазақ халқы отбасылық билікке неге көніп отырғанының сырын айтты.

«Оның тамыры тереңде. Біз о заманнан жекеадамдардың билігіне, отбасылық басқаруға тәуелді болғанбыз. Сақ, ғұнзамандарында да, хандық дәуірде де бізді жеке адамдар биледі. Кеңес үкіметікезінде Сталин басқарғанда осы жеке адамды ұлықтау, табынып кету өзгехалықтарға қарағанда қазақтарда басым болды. Неге? Өйткені біздің халықжекелеген тұлғаларды жақсы көреді. Тәуелсіздік алғанда да бір адам биліккекелді. Соның өзін, отбасын ұлықтап отырмыз. Бұл бейсаналы, тарихы терең құбылыс», — дейді тарихшы ғалым.

Соныменқатар Кенесары туралы монография жазып, айдауда болған Бекмаханов туралы да сынайтты.

«Бекмаханов айдаудан келгеннен кейін өзініңбұрынғы еңбегіне жүз пайыз қарсы кітап жазды. Сол еңбегі бүкіл Қазақстандаоқытылды. Онда ол Кенесарының теріс жағынан сипаттады. Қазір біз Бекмахановтыайтсақ, тек бірінші кітабын айтамыз. Неге екінші кітабын да айтпаймыз? Олайдаудан келген соң, атағын қайтарғысы келіп, жауларының бәрімен алысты. Өзіндәлелдегісі келді. Ал сол сияқты айдауға кетіп, позициясынан қайтпаған датарихшылар болды», -деп сынайдыОмарбеков.

Оған қоса,ашаршылық кезіндегі Қазақ тарихы да сөз болады. Өткен ғасырдың 50-60 жылдарыҚазақстан тарихының кенжелеп қалуының негізгі себептері айтылады. Сұхбатты журналист Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ жүргізген. 

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеденкөреаласыздар.

«Жас Алаш»ютубканалына жазылыңыздар.

Фото автордікі.

Тегтер: Без Тега

Оқыңыз