Баған

Қазаққа күйік болған не?

Данахалқымызда «Отыншының көзі балтада, қайыршының көзі қалтада» деген сөз бар.

Қазаққа күйік болған  не?

Мұны  неге айтып отырмыз? Себеп  белгілі. Қазақтың  көзіне де, өзіне де күйік  болған бір  нәрсе бар. Қазақтың  ойы,  арманы – кешегі   қылышынан қан  тамған  кеңестік кезеңді  дәріптейтін атаулардан  құтылу. Байырғы  жер-су аттарын кері  қайтару. Исі  қазақ  соған мүдделі. Қысқасы, отарсыздану. Онда да сананың тәуелсіздігі. Қанша  жерден біз  тәуелсіз елміз,тәуелсіздіктің барлық  атрибуттарыбар  деп кергігенмен, өзге  тілдің (орыстілі) үстемдігі,  қадам басқан сайын  кездесетін өзге  тілдегі  жер-су атаулары әлі де  еңсемізді басып, санамызды сарсаң  етуде.Біз саяси  тәуелсіздікке  қол жеткізгенмен,  рухты көтеретін  рухани  тәуелсіздікке иек арта алмадық.  Оғанқол жеткізу үшін бізге детоталитаризацияһәм деколонизация үдерістерін толықтай бастан өткеру керек. Бәлкім, сол кезде әңгімеміздің  ауаны да өзгерер.

  Қазір әліпбиімізді  өзгертсек деп талпыныс жасап жатырмыз. Дұрыс. Ресейдің  ықпалынан шығудың  бір жолы – осы. Демек,  ендігі кезектеөзге де  мәселелерді  жүзеге асыруға  ұмтылыс керек.  Соның бірі – жер-су аттарына  қазақыреңк  беру. Мәселен,  журналист Бейсенғазы  Ұлықбек: «Облыс» деген сөзді «аймақ» депауыстыратын мезгіл әлдеқашан жетті», – дегенді айтады. «Аймақ» деп өзгертсек,Қазақстанды қазақ халқының еншісіне толық алып бергендігіміз. Сондай-ақ кейоблыстардың атауларын тарихи негізге, жер-суға қарап өзгерткен де жөн. Мысалы, Түркістан аймағы (Түркістан облысы), Сырдарияаймағы (Қызылорда облысын Сырдария өзені жарып өтетін болғандықтан), Жетісуаймағы (Алматы облысы), Сарыарқа аймағы (Қарағанды облысы), Ақжайық аймағы(Батыс Қазақстан облысы), Көкшетау аймағы (Ақмола облысы), Алтын Алтай аймағы(Шығыс Қазақстан облысы), Атырау аймағы (Атырау облысы), Ертіс аймағы (Павлодароблысы), Қызылжар аймағы (Солтүстік Қазақстан облысы) деп көрсеткен дұрыс болареді»  дейді.  Құптарлық  бастама. Кезінде қазіргі  Алматы облысы Жетісу (1867-1917 жылдар), Қызылорда  облысы Сырдария (1867-1917 жылдар)  облысы деп аталғаны белгілі.  Жетісу да,Сырдария да сол  өлкенің ерекшелігін  айшықтап тұр  емес пе?! Демек, сол  атауларды қайтаратын кез келді деуге  болады.

  Рас,  бостан ел аталғалы  бері ежелгі жер-су атауларын қайтадан  қалпына келтіру  үшін толағай  тірлік  жасалды. Оны жоққа шығара алмаймыз. Алайда  бұлаздық етеді. Неге? Себеп  белгілі.Шығыс  және солтүстік  өңірлерге аяқ  бассақ,  кезіндегі патшалық отарлау жәнекеңестік қызыл империя тұсында таңылған қазаққа жат атаулар әлі сыңсып тұр. Ондан  қашан  құтыламыз? Бұл  үлкен мәселе. «Алашбаласы  үшін солтүстік аймақтағы екі қала– Петропавл мен Павлодар шаһарларының атын өзгерту, бір сөзбен айтқанда,қазақыландыру маңызды болып отыр. Бұл мәселе Қазақстан тәуелсіздік алғалы берікөтеріліп келеді. Өкініштісі, әлі нүкте қойылмады. Бәлкім, Ресеймен екіортадағы қатынасқа селкеу түсіп кетеді деген биліктің қорқасоқты тірлігі болар.Бірақ біз өз елімізде елді мекендердің тарихи атауларын қалпына келтіріпжатсақ, өзге жұрттың бізде шаруасы қанша? Алдымен Петропавлға келетін болсақ,бұл қала бұрыннан қазақы ортада Қызылжар деп аталып келеді. Осы атауды ресмитүрде белгілеу қиын тірлік емес. Тіпті бұл жердің ежелгі атауы да Қызылжарболған көрінеді. Ресей архивтерін ақтарсақ, бұл сөзіміз растала түсетіні хақ. Екіншімәселе, жақында павлодарлық ынталы топ Павлодар қаласының атын Сарыарқа депөзгертейік деген бастама көтерді. Дұрыс. Талас жоқ. Сарыарқа деп аталатынаймаққа Павлодар облысының біраз жері кіретіні белгілі. Тіпті бұл қаланыңорнында IX-XII ғасырларда түркі жұртының бір бұтағы – қимақтардың орталығыболып саналған Қимақ қаласы болған. Тіпті осы атауды қайта жаңғыртуға да болареді. Сондай-ақ Павлодар облысы Құлынды даласының (кейде Құлынды жазығы депжатады) аумағына кіреді. Неге Павлодарды Құлынды қаласы деп өзгертпеске?» – дейді  қоғам белсендісі  Азаматхан Әміртай.

  Көкейге  қонатын  ой. «Осы өңірде  отырған  жұрт не  дейді, Ресей  қалай  қарайды?»деп  үрке берудің  қажеті  шамалы. Жер-су,  елді мекендердің  байырғы атауларын қалпына келтіру тәуелсізелдің  ішкі  ісі. Өзгенің қақысы  болмауы тиіс. Өкініштісі,  солай десек  те, елордада  бір үркектік, жалтақтық  бар.Италияның  кезіндегі  мемлекет қайраткері  Камилло Кавур: «БізИталияны құрадық, енді италиялықтарды жасап шығарайықшы», – деген екен.  Сол айтпақшы, біз  тәуелсіз Қазақ  мемлекетін  құрдық, енді санасы да,  рухы да азат қазақты жасап, жері өзге  тілдеаталатын атаулардан  ада Ұлы  даланы қалыпқа  келтіруіміз керек.

   Күлтегін БЕК     

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз