Әлеумет

Қазақстанда әскердегі тұрмыс жағдайын демеушілер есебінен жақсарту ұсынылды

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Наталья Дементьева әскердегі инфрақұрылымды жаңартуға кәсіпкерлер мен меценаттарды тартуды ұсынды.

Әскер

Сондай-ақ сарбаздардың қызмет ету және тұрмыс жағдайын жақсарту қажеттігін айтты.

Бұл бастама Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің бейінді комиссия отырысында талқыланды. Жиында білім, ғылым және адами капиталды дамытуға қатысты барлығы 66 ұсыныс қаралған. Бұдан бөлек, мектептердегі психологиялық қызметті дамыту, буллингпен күресу, ойынға тәуелділік мәселесін зерттеу, ғылымды қаржыландыру көлемі мен ғалымдардың жалақысын кезең-кезеңімен арттыру мәселелері көтерілді.

Жиын қорытындысы бойынша барлық ұсыныс жүйеленіп, мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдардың қарауына жіберілмек.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз