Қазақстанда биыл Айт намазы оқылмайды
Қазақстанда биыл Ораза Айт намазы оқылмайды. Діни басқарма өкілі Ағабек Қонарбайұлының мәліметінше, пандемия жағдайында Қазақстан Діни басқармасына осындай шешім қабылдауға тура келген.
«Жуырда ғана бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы елдегі жағдайға байланысты үндеу жариялаған болатын. Ол үндеуде бас муфти халықты Қадір түнін үйде қарсы алуға шақырған еді. Қазір төтенше жағдай мерзімі біткенімен, карантиннің қауіпі әлі сейілген жоқ. Сондықтан еліміздегі бас санитардың қаулысына сәйкес Ораза айт намазын мешіттерде оқымау туралы шешім қабылданы»,-деді бізге Діни басқарма өкілі Ағабек Қонарбайұлы.
Еске салайық, Қазақстанда өткен тәулікте 218 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
Өсім 3,2% құрады.
Аймақтар бойынша:Нұр-Сұлтан қаласы – 32 (2,5%)Алматы қаласы – 37 (2,0%)Шымкент қаласы – 50 (11,4%)Атырау облысы – 23 (3,0%)Қостанай облысы – 12 (12,2%)Түркістан облысы – 5 (2,1%)Қарағанды облысы – 24 (9,1%)Батыс Қазақстан облысы – 10 (3,0%)Қызылорда облысы – 5 (2,0%)Алматы облысы – 7 (3,3%)Жамбыл облысы – 9 (4,3%)Маңғыстау облысы – 1 (0,6%)Ақтөбе облысы - 3 (1,3%)
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 6969.