Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру тәртібі өзгеруі мүмкін
Ішкі істер министрлігі елде уақытша жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру және оны түзету тәртібін қатаңдатуды ұсынды.
Тиісті түзетулер жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 28 қазанға дейін жалғасады.
Жобаға сәйкес, министрлік шетелдіктердің деректерін ЖСН-ді алғаш берген кезде де, кейін нөмірге өзгеріс енгізгенде де иммигранттардың эталондық деректер базасымен салыстырып тексермек. Өзгерістер Ішкі істер министрлігінің 2020 жылғы бұйрығына енгізілмек.