Қоғам

Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдердің декреттік төлемдері сақтала ма?

Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдерге бала күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер бұрынғы тәртіппен беріледі.

декреттік төлем

Мәжіліс депутаты Ләззат Қожахметованың айтуынша, төлем алу үшін әйелдің немесе отбасының қандай санатқа жататыны ескерілмейді.

Депутаттың түсіндіруінше, егер әйел ресми жұмыс істеп, қажетті әлеуметтік аударымдарды ай сайын төлеп отырса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бұрынғы табысының 40 пайызы мөлшерінде төлем жасайды. Бұл қаражат бала заңда белгіленген жасқа толғанға дейін беріледі.

Сондай-ақ А және В санаттарына жататын әйелдер 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін босанса, оларға да тиісті жәрдемақы төлене береді.

Ал осы санаттарға кіретін жұмыс істемейтін әйелдерге қатысты тәртіп өзгереді. Депутаттың сөзінше, егер олар 2027 жылғы 1 қаңтардан кейін босанса немесе баласын үйде бағып отырса, отбасы мұқтаж деп танылмаған жағдайда төлем ала алмайды.

"Егер отбасы мұқтаж санатына жатпаса, әйел еңбекке қабілетті болса, жұмыс істеуіне кедергі келтіретін денсаулық мәселелері болмаса және отбасының күнкөрісіне жеткілікті табысы болса, А және В санатындағы әйелдер бұл төлемдерді ала алмайды", – деді Ләззат Қожахметова.

Тегтер: Декрет Төлем
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз