Қазақстанның тағы төрт тасжолында жылдамдықты бақылау күшейтілді
2026 жылғы 13 қазаннан бастап республикалық автожолдардың тағы төрт учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау іске қосылды.
Олар:
"Орал – РФ шекарасы (Самара)"
"Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор)"
"Қостанай – Денисовка"
"Қандыағаш – Мақат"
Орташа жылдамдықты бақылау Қазақстанда 2025 жылғы 17 наурыздан бері жұмыс істейді. Оның мақсаты – жүргізушілерді камера алдында ғана емес, бүкіл жол бойында қауіпсіз жылдамдықты сақтауға дағдыландыру.
Жыл соңына дейін учаскелер саны көбейтіледі.