Видео

Қордайдағы қақтығыс: төрт адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

2020 жылы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер кезінде төрт адамның өліміне қатысты күдікті ұсталды.

Қордайдағы қақтығыс: төрт адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы бастығының орынбасары Қозыбақов Дәурен мәлімдеді. 

«Алматы облысында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, ол 2020 жылдың 7 ақпанында Қордай ауданының Масанчи ауылында аңшылық мылтықпен төрт адамды өлтірді», — деді Қозыбақов ІІМ брифингінде.

Аңшылық мылтық тәркіленді, өзге ақпарат хабарланбады.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.

Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысты. Ауқатты және Бұлан Батыр ауылдарында да қақтығыстар болды. Бұзақылар металл заттар, тас, атыс қаруын қолданды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз