Қорғандар Сағынтаевтан қорған сұрайды
Алматы маңы ежелгі сақтардыңатақонысы екені тарихтан белгілі. Қазір қаланың солтүстік-батыс бөлігінде төртүлкен қорған тұр.
Әлкей Марғұлан атындағы Археологиялықинституттың ғылыми қызметкері, археолог Арнабай Нұржанов бұл қорымдардың сақпатшаларына тиесілі екенін айтады. Өкініштісі, бұл қорғандарға әлі күнге дейінархеологиялық қазба жұмыстары жүргізілген жоқ.
Қазіргі санитарлық-эпидемиологиялықжағдайға байланысты енді дәл сол жерден коронавирус індетін жұқтырғандарғаарналған жаңа аурухананың құрылысы басталды. Археологтар құрылыс алаңын саққорғандарының дәл түбінен беруге шешім шығарған қала әкімі БақытжанСағынтаевтың шешіміне наразы.
– Бүгін осы мәселе бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаровпен жолықтым,– дейді бізбен телефон арқылы сөйлескен Арнабай Нұржанов. – «Құрылыс жұмыстарыаяқталған соң, қорғандардың айналасын қоршаймыз, аурухана уақытша ғана тұрады,кейін алып тастаймыз» дейді. Бізде Кеңес Одағынан қалған жаман әдет бар.«Уақытша» деп саламыз да, ол нысан өмір бойына сонда қалады. Тіпті қорғандардыңайналасын қоршаған күннің өзінде, екі жарым мың жылдық тарихи ескерткіштергетигізер зияны орасан. Ертең онда жұқпалы аурулардан шыққан қоқысты төкпесінекім кепіл? Жалпы, заң талаптары бойынша, мұндай құрылыс жүргізер алдында солжерге алдымен археологиялық зерттеулер жасалуы тиіс болатын. Алматы әкімдігіосы талапты аттап кетіп отыр. Бұл келер ұрпақ алдындағы кешірілмес күнә.
2006 жылға дейін сақ қорғандарыорналасқан жер егістік алқабы ретінде игеріліп келді. Алматы қаласына әкімболып тағайындалған Иманғали Тасмағамбетов тарихшылардың өтінішіне құлақ асып,дереу ол жерлерді мемлекеттік музей қарамағына өткізді. 2014 жылы Алматықалалық мәслихатының депутаттары бұл аймақты тарихи-мәдени ескерткіштертізіміне енгізіп, мемлекет қорғауына алды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындасақ қорғандарында аспанасты ашық музей салынады деп жоспарланған. Яғни саққорғандарына тақау маңда бұдан басқаешқандай құрылыс жасалмауы тиіс болатын.
Бірақ жаңа аурухана құрылысынсалатын жер асығыс, мәслихат депутаттары ашық дауысқа салмастан, архитекторлар менэкологтар, археологтар мен тарихшыларға жүгінбестен, асығыс қабылданған шешімекені көрініп тұр. Жаңа аурухана салатын орынды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев«айттым – бітті, кестім – үзілді» деген өзімбілемдікпен, ешкіммен ақылдаспастанбір өзі шеше салған сыңайлы.
Өйткені Бақытжан Сағынтаев Алматықаласына әкім болып тағайындалмастан бұрын, тарихшылар мен археологтар саққорғандарын көшпенділердің дала мәдениеті ретінде ЮНЕСКО-ға бүкіләлемдікқұндылықтар тізіміне енгізуді жоспарлаған. Тіпті мұнда Ұлыбританиядағы Tumuli Park секілді болашақ парк жасаудың концепциясы жасалды. Бұл құжат пен жобаны әзірлеугекөптеген ғалымдар, архитекторлар мен тарихшылар бірнеше ай еңбектенді. Енді солесіл еңбек Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен желге ұшты.
– Қала әкімдігінің мәдениет басқармасы мемлекет қорғауындағы нысандарғажаны ашуы тиіс еді. Бұл қорымдарды ашып, зерттеу үшін әлдеқашан қаржы бөлуікерек болатын. «Аурухана құрылысы сол жерге түседі» деген шешім шыққанда мәдениетбасқармасындағы басшылар үнсіз қалған. Енді біз ескерткіштер жойылып кетпейтұрғанда археологиялық жұмыстар жүргізуге қаржы сұрап, әкімдікке хат жаздық.Қандай шешім қабылдайтынын көреміз, – дейді Арнабай Нұржанов.
Арнабай Нұржановтың сөзінің жаныбар. Алматы қаласында мемлекет қорғауына алынған тарихи-мәдени ескерткіштердіңсаны – 150. Сақ қорғандарын осы күні қамқорлыққа алмасақ, күн өткен сайынқұрылысы қарқындап өсіп жатқан Алматы қаласында тарихи ескерткіштерден бір-ақсәтте көз жазып қалуымыз бек мүмкін. Бұл қатерге мынаны да қосыңыз. Қазір кез келгензаңды тұлға археологиялық қазба жұмыспен айналысуға оп-оңай лицензия алабереді. Бірақ мемлекет қазба жұмыстарының археологиялық талапқа сай емесекенін, қазылған орындардың қалпына келтірілгенін бақыламайды. Тіпті қазыпалынған тарихи жәдігерлердің түгелдей зерттеушілер мен тарихшылардың қолынатүскенін немесе қара базарда саудаланып кеткенін бақылау да оңай емес. Саққорғандарындағы тарихи жәдігерлерді де біреулер баюдың көзіне айналдырыпалмағанына кепілдік жоқ. Сондықтан тізімдегі сақ қорғандары БақытжанСағынтаевтың жеке қорғауына зәру болып тұр.
Тоқтар ЖАҚАШ