Қоғам

Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде ақша жұмсауға қатысты заңбұзушылықтар анықталды

Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдерде бюджет қаражатының жұмсалуына аудит жүргізіліп жатыр.

ақша

Бұған дейінгі тексерістер барысында бірқатар заңбұзушылық анықталған. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік органдарға бюджет қаражаты қажеттіліктері мен жоспарланған бағдарламаларға сәйкес бөлінеді. Ал оның мақсатты әрі тиімді жұмсалғаны мемлекеттік аудит арқылы тексеріледі.

Мәди Тәкиевтің сөзінше, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 2023 жылы Қорғаныс министрлігіне тексеріс жүргізген. Сонымен қатар 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өткен аудит кезінде де бірқатар заңбұзушылық анықталған.

Қазір Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды зерделеу үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына Қаржы министрлігінің өкілдері де кірген. Тексеруге 61 аудитор тартылып, олар 50 әскери бөлімнің жұмысын зерттеп жатыр.

Министр аудит аяқталғаннан кейін тексеріс нәтижелері жарияланатынын айтты.

Сондай-ақ оның сөзінше, егер бюджет қаражаты жұмсалғанымен, қажетті жабдықтар жеткізілмегені анықталса, тиісті материалдар басқа құзыретті органдарға жолданады. Олар өз өкілеттігі аясында қосымша тексеру жүргізеді. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз