Оқиғалар

Қырық екі мың аламыз деп қырылып қалатын болдық (видео)

Әлеуметтік желідебанк алдында топырлаған адамдардың видеосы тарап жатыр. Банктың аты банк,кезектің аты кезек қой, мұндай жағдай өмірде болып тұрады.

Қырық екі мың  аламыз деп қырылып қалатын болдық (видео)

Дегенмен, бұл бүгін,яғни төтенше жағдайдың күшейтілген карантин кезінде болған оқиға. Бұлайтопырлай берсек карантиннен не пайда?

Сөйтсек бұл мемлекеттен беріледі деген42 мың 500 теңгені алудың қамымен жүргендердің кезегі екен. Оқиға Талғарқаласында болған.Бұл видеоның авторының айтуынша, Талғардағы жағдай бүгінболған. «Каспи банктің» алдында кезекте тұрғандардың бір парасы банкоматкартасын жасату үшін барса, келесілері міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынатиісті төлемді аударуға (негізінен кәсіпкерлер), үшіншісі кредит төлеудікейінге шегеру үшін өтініш жазуға барғандар екен. Жоғарыдағылар «карантин» депкеңселерін іштен құлыптап отырғанда, қара халық 42 мың теңге үшін бастарынқатерге тігіп, банк жағалап жүр. Оқиға орнынан тікелей эфирге шыққан талғарлықзаңгермен тілдескенімізде, ол осы видео әлеуметтік желіге тарағанан кейін ғанажергілікті билік пен банк өкілдерін маза қашқанын айтып отыр. Сонда деймін-ау,әлем халқы «үйден шықпаңдар!» ұрандап жатқанда, қазақстандықтар 42 мың аламындеп қырылуы керек пе?!

21 мың теңгенің жыры енді ұмыт болабастағанда, 42 екі мыңның теңгенің жыры басталғаны «қызық» болды-ау. Үйдеонлайн жұмыс жасап отырғандықтан көрші-колаң, ауылдағы таныс-тамырлардың біразыбір аптадан бері қоңырау шалып, әбден мазамды алып бітті. Басында «еговқакіресіз де, оп-оңай шаруаңызды бітере аласыз» – деп ақылгөйсіп едім. Сөйтсем,бұл мәселе «бақсам, бақа екеннің» нақ өзі екен.

Жаңалықтарды тыңдасаң бәрі керемет!Билік 42 мыңды алушылардың санатын көбейтіп, тиісті көмекті рәсімдеудің дежолдарын оңтайландырып, «қарып» жатыр. Алайда, халықтың басым бөлігі «42500теңгені қалай аламыз?» деп бас қатырып отырғанда, төтенше жағдай да аяқталыпқалады-ау. «Ақшасы құрсын, тезірек біткені дұрыс» дерсіз. Бірақ, алдағы екіаптада біраз үйдің қазанында қырып жейтін қаспақ та қалмайтын түрі бар. Оныңүстіне қазір ауылдағы азық-түлік сататын дүкендерінің қожайындары бұрынғыдайтұрғындарға «зейнетақыға дейін» деп қарызға бермейді. Оларды да болады.

Сұраныс күрт өсті, көтерме саудаорындарында баға күн сайын қымбаттап жатыр. Қысқасы, «обородқа» ақша керек…

 

«Сиқырды кілт» немесе үйде жатыпақша алу оңай ма?

Сонымен, билік «ешкімді көмексіз қалдырмаймыз» деп 42 мың теңгеберудің тәртібін қайта-қайта құбылтып жатқанда, мыны жақта қара халықтың«шарадай басы шақшадай» болуда. «Соқыр көргенінен жаңылмайды» демекші, басындабәрі ХҚКО қарай ағылды. Кейінен бір-бірінен сұрап «егов» дегеннің не екенінтам-тұмдап түсінгендей болып еді, енді оған кіру үшін «сиқырлы кілт» (электрондыцифрлық қолтаңба) керек екенін түсінді. Кеңседе компьютердің алдында отырыпкөрмеген қарапайым халықта ондай кілт қайдан болсын, тағы да бір-бірінен сұрап,чаттарды шулатып «сиқырлы кілтті» іздеп және бірнеше күндерін өткізді.

Қазіргі жағдай тіптен қызық. Үйде отырып 42 мың алу үшін әр үйдекомпьютер болуы керек. Анау-мынау емес, веб-камерасы болуы шарт! Қалалықтарғаондай дүние таңсық емес шығар, бізде ол қат. Екі-үш күнен бері тұрғындардыңбіразы: «ондай компьютер бір болса, әкімдікте бар» – деп әкімдікті торуылдапкөрген. Бары бар-ау, бірақ жеке куәліктің чипінде жасырылған эл.кілтті оқитын«картрижд» (негізінде ЦОН қызметкерлерінде болады) әкімдікте қайдан болсын?!Флешкада сақталғандары табылмай, одан қалды ғаламтордың жұмысы жөнге келмей, бұлда «күрмеуге келмейтін» іс боп тұр. Ал, электрондың цифлы қолтаңбасы жоқхалыққа әзірге еш көмек көрсетудің реті келмей тұрғаны. (Өзім де осы «ЭЦП»дегенді ала алмай, үш күннен бері egov.kz-те кезекте тұрмын) Бұл аз десеңіз,соңғы кездері жылдамдығы жоғары вай-файдың да жайы болмай қалды. Қысқасы, 42мың теңгені «диванда жатып аласың» деген әңгіме бекер сияқты.

Бір қуанарлығы, жоғарыдағылар бұл жағдайдан хабардар. Кеше ғанаҚР «Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау» министрі Біржан Нұрымбетов халықтыңegov.kz кіре алмауына байланысты «42500 теңгені алу үшін ертең таң ертең арнайысайтты іске қосамыз. Азаматтар сол жерде өтінішерін қалдырып, ЭЦП-сыз СМСарқылы тіркелулеріне болды дегенді айтып еді. Алайда, ертеңі де өтіп барады.

Халық әне-мінемен әлі қанша күнді өткізер екен? Бәрі құрсын,қашан «наконец-то, коронавирус деген жұт қонақтан құтылдық» деп отырар екенбіз..?

 

zanmedia.kz

                                                        
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз