Баған

«Қытайдан көмек керек!»

Біреу осылай аттандап жатса құзырлы орындардың үнсіз жатуы,көрмеген-білмегенсуі жаныңа, әлбетте, батады.

«Қытайдан көмек керек!»

Қазақстан дербес саясат ұстанатын,басқа түскен ауыртпалығын шетелдің араласуынсыз шешетін дамыған мемлекет. Кез келгенқиындықты жеңуге мемлекеттің қаржысы да, интеллектуалдық әлеуеті де жеткілікті.Оқиғаға бойламас бұрын, күні кешегі жаңалықтан бастайық.

   Жамбыл облысы, Алматы және Шымкент қалаларында Қордай оқиғасы бойыншаарнайы операция ұйымдастырылып, 25 адам тұтқындалыпты. Оның жетеуі бұрын соттыболған екен. Бұл туралы бас прокуратура ақпарат таратты. Бірақ тәртіп сақшылары оқиғаға одан сайын жел беріп, тұрмыстықкикілжіңді алапат өртке айналдырмақ болған басты қаһарманды естен шығарып алғансыңайлы. Әңгіме Қазақстан халқы ассамблеясы дүнген қауымдастығының төрағасы ӘнХусей Дауров жайында. Қордай ауданында қордаланған сан мыңдаған әлеуметтікпроблемалар, контрабанда, есірткі тасымалы, дүнген ұлтының мемлекеттік тілдіүйреніп, қоғамның бір бөлшегі ретінде интеграцияға түсуі сияқты мәселелерді сөзетсе, бір жөн ғой. Жоқ!

     Мемлекеттік бюджет есебінен шалқып өмірсүріп жатқан  Қазақстан халқы ассамблеясыныңтөрінде талтайып отырып Қытайға жалтақтайды. Қытайға арқа сүйейді. Сөзіміздәйекті болу үшін Ән Хусейдің Қытай әлеуметтік желісіне жазған хатын солкүйінде келтірейік: «Сүйіктідостар, аға-бауыр, әпке-қарындастар, барша бауырлар! Қытай елі апатты бастан кешіріп жатқан кезде (дәл солуақытта Қытайда коронавирус індеті өршіп тұрған), он мыңдаған адам қорқыныштыауруды жұқтырғанда, мыңдаған адам өлген кезде, біздің Қазақстанда да қайғылыоқиға орын алды.Біздің біраз ауылымыз қан майданды бастанкешіріп, бүліншілік пен қанды қырғынға ұшырады. 11 адам өліп, 100-ден артық адам жараланды, үйлермен сауда орталығы, машиналар өртелді. Біркішігірім талас-тартыс үшін (негізі, сол күні мәселе шешіліп, ымыраға келгенеді) көптеген арандатушылар мен Қазақстанның бейбіт дамуын көре алмаушыларәлеуметтік желі және ватсап арқылы осы жолғы бүліншілік пен қырғыншылықтыұйымдастырды. Біз Қытайдың вируспен күресіпжатқан кезінде бұлай көмек, қаржы сұрағымыз келмеген. Бірақ біз де Қытайғагуманитарлық көмек жібердік. Қытайдағы жәнеодан келген достарымыздың біздің тағдырымызға тілектестік білдіріп, көмек берудіталап етіп отырғаны себепті біздің дүнген қауымдастығы үшін ашылған шотқақаржылай көмек берсеңіздер»деп вичатқа жазыпты да, астына өзінің Қытайдағы Си-анқаласындағы банктегі есепшотын жариялапты. Арада үш ай уақыт өтсе де, Ән ХусейҚытайдағы есепшотына қанша қаржы түскенін әлі жариялаған жоқ. Соғанқарағанда…      Сондабұл Ән Хусей деген, түптеп келгенде, біз үшін кім? Дос па, іріткі салушы ма?Қазақстан үкіметінің жанжал кезінде бүлінген мүліктерді қалпына келтіру үшінбөлген миллиардтаған теңгесі туралы неге айтпайды? «Кішігірім оқиға» деп неніайтып отыр? Полицияға қол көтеру  Ән Хусейүшін кішігірім оқиға ма? Арандатушы үш ағайынды дүнген сол күні емес,10 күнненкейін тұтқындалды ғой. Оның астарында да бір шикі мәселе бар секілді.

    Айтпақшы, жанжалды ұйымдастырған үшағайынды Воингуйлар бір жыл алты айға сотталды. 67 көлік пен 56 үй өртеніп, 103тұрғын жай жарамсыз қалған, 11 адам о дүниелік болған қырғынды ұйымдастырушы,арандатушы нақ осы үш жігіт емес пе еді? Бүлінген мүліктерді қалпына келтіругебөлінген 1 млрд 700 млн теңге шығынды өтеуді неге осы үш ағайындының мойнынаілмеген? Сот үкім шығарарда тағы да сыбайластыққа жол берген жоқ па дегенсұрақтар мазалайды. 

    Ән Хусей Дауровтың хатына қайта оралсақ. Осыншамаөтірік мүләйімсу дүнген қауымдастығы жетекшісіне не үшін керек болды екен? Әлдежағдайды пайдаланып, жеке басының қамын күйттеуді көздеді ме екен? Әлде Қытайхалқының дүнгенге жанашырлық, қазаққа өшпенділік сезімін тудыруды мақсат тұттыма?

    Ән Хусей Дауров Қазақстаннан гөрі өзге мемлекеткебүйрегі бұратынын Facebook-тегі парақшасында да жасырмайды. Осы уақытқа дейінқандастары нан тауып, өмір сүріп отырған қазақ қоғамының мәселесі толғантқанемес. Парақшасында тек Ресей мен Қытайдың саясатын насихаттап, қолдап  отырады. Қытай коммунистік партиясының соңғысъезіне Қазақстаннан делегат болып барып қатысқан. Қазақстан жастарын Қытай оқуорындарына апарып жайғастырған. Оқу демекші, көзін тырнап ашқан дүнген баласыне сауданы, не егін егуді кәсіп ететін еді. Бірақ соңғы 10 жылда дүнгеннің 10мың баласы Қытайда тегін оқу оқып келген. Оқысын, онда шаруамыз жоқ. Бірақ«Адырна» сайты жазғандай, жоғары сынып оқушылары «бізге өз тіліміз бенматематика ғана керек, қазақ тілін оқымаймыз» дейтіндей жағдайға не нәрсежеткізді екен? Ән Хусей Дауров секілді «орманға қарап ұлыған» ағаларынан үлгіалғаннан солай ойлайтын болар. Не десек те, Қазақстан халқы ассамблеясы, ұлттыққауіпсіздік комитеті, президент әкімшілігі Ән Хусей Дауровтың жоғарыдағы хатынмұқият зерттеп-зерделеуі тиіс.

    Ал Қордай оқиғасына қатысты ұсталған 25азаматты да әлгі ағайынды Воингуйлар секілді жеңіл жазаға тартқаны жөн болареді. Өйткені қайғылы оқиғаның негізгі ұйымдастырушысы бұлар емес екені елгемәлім.

 Тоқтар ЖАҚАШ

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз