Видео

Қызылорда облысында 100-ден аса адам оқ-дәрі, есірткімен ұсталды

Қызылорда облысында күзетшілер 100-ден аса адамды оқ-дәрі, есірткімен ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында 100-ден аса адам оқ-дәрі, есірткімен ұсталды

Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан қылмыскерлерді анықтау, ұстау бойынша барлау-іздестіру іс-шаралары Қазақстанның барлық қаласында жалғасып жатыр.

"ҚР Ұлттық ұланы арнайы мақсаттағы бөлімшесі Қызылорда облысында Полиция департаменті және ҰҚК қызметкерлерімен бірігіп, лаңкестікке қарсы операция жүргізу барысында жаппай тәртіпсіздікке  қатысқан 100-ден аса адамды ұстады. Нәтижесінде 1 қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ, есірткі тәркіленді", — делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері ұсталғандарға қатысты мән-жайды одан әрі тергеу үшін жұмыс істеп жатыр.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз