Видео

Қызылордадағы атыс: үш адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Қызылордада үш адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.7 мамырда Қызылорда қаласында атыс болды.

Қызылордадағы атыс: үш адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Осы дерекке байланысты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, алты күдікті ұсталып, қамауға алынды. Төрт күдіктіге қатысты іздеу жарияланған.

«Оқиға болған жерді және күдіктілердің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында бес қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрі, есірткі және жеті автокөлік айғақ ретінде алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық қатысушының жеке басы анықталып, жәбірленуші тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар негізінде сегіз қылмыстық іс, яғни адам өлтіру бойынша — 2, бұзақылық бойынша — 2, қарудың заңсыз айналымы бойынша 3 іс және есірткінің заңсыз айналымы бойынша бір іс тіркелді», — деді Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз