Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:13, 31 Қаңтар 2024

Ірі жол апаты: Жамбыл облысында 26 көлік бір-біріне соғылған

жол апаты
Фото: из открытых источников

Жамбыл облысының Жуалы ауданында ірі жол апаты орын алып, салдарынан 25 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Бүгін 31 қаңтарда Нұрлыкент ауылының маңында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" республикалық маңызы бар автожолының 567- шақырымында ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, көрінудің шектелуі, боран) 26 автокөліктің (4 жолаушылар автобусы, 4 жүк көлігі және жеңіл көліктер) қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

Жол апаты салдарынан қаза тапқандар жоқ. Б.Момышұлы ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен 25 адам жүгінді. Нұрлыкент ауылының «Мәдениет үйі» жылыту пунктіне 39 адам (оның 8-і – бала) жеткізілген. Тараз қаласынан 593-тен 534 шақырымға дейінгі бағыттағы автожол екі жағынан да жабық.

Жамбыл облысы
Фото: из открытых источников
жол апаты
Фото: из открытых источников

 

ТЖД мәліметінше, қатарынан 26 жеңіл көліктер, жүк көліктері мен жолаушылар автобусы соқтығысқан.

Жамбыл облысының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін әсіресе ауа райы қолайсыз болған жағдайда қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

"Полиция қызметкерлерінің жол қозғалысы ережелерін сақтау, қолайсыз ауа-райында жолға шықпау туралы бірнеше мәрте ескертулеріне қарамастан, жүргізушілер ережені бұзуды жалғастыруда: жылдамдықты асырып, қашықтықты сақтамайды, жазғы шиналармен жүреді, бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғаларына әкеп соғады",- деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.