Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:10, 24 Қыркүйек 2024

Ресей 2025 жылы қорғаныс шығындарын 2,8 триллион рубльге дейін ұлғайтады - Bloomberg

в
Фото: currenttime.tv

Ресей қорғаныс шығындарын 2025 жылы бұрын-соңды болмаған деңгейге ұлғайтуды жоспарлап отыр және алдағы екі жылда шығын аз ғана қысқаруы мүмкін. Ал Украинаға қарсы соғыстың аяқталу мүмкіндігі көрінбейді, деп жазады Bloomberg.

Басылым үш жылға арналған федералды бюджет жобасымен танысуға мүмкіндік алғанын жазады.

Үкімет қорғаныс шығындарын 2025 жылы осы жылға жоспарланған 10,4 триллион рубльден 13,2 триллион рубльге (142 миллиард доллар) дейін арттыруды мақсат етіп отыр, бұл жалпы ішкі өнімнің 6,2 пайызын құрайды, деп жазады басылым.

Bloomberg-тің жоба деректеріне негізделген есептеулеріне сәйкес, әскери шығындар 2026 жылы ЖІӨ-нің 5,6% және 2027 жылы 5,1% дейін төмендейді.

Өткен жылғы Мемлекеттік Дума бекіткен үш жылдық бюджетте 2024 жылы күрт өскеннен кейін 2025-2026 жылдары әскери шығындар күрт төмендейді деп болжанған.

Жалпы алғанда, «Ұлттық қорғаныс» және «Ұлттық қауіпсіздік және құқық тәртібін қамтамасыз ету» тараулары бойынша шығыстар жалпы бюджет шығыстарының шамамен 40%-ын құрауы тиіс. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік саясат пен ұлттық экономиканы біріктіретін шығындардан да көп, деп атап өтті басылым.

2025 жылдың соңында күтілетін бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 0,5%-ын құрауы тиіс – бұл 2024 жылға арналған бюджетте көзделгеннен (1,1%) екі есеге дерлік аз. Тапшылықты салықтың прогрессивті шкаласын енгізуден күтілетін қосымша түсімдер, акциздер мен импорттық баждарды жоғарылату, сондай-ақ ҚҚС (бұл жағдайда қазынаға қосымша қаражат бағаның өсуінен түсуі керек) есебінен қысқартуға тиіс», - деп жазады The Bell. 

Тегтер: